ТҮРКІСТАН: БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада аяқталды

0
712

Үздіктер республикалық спартакиадаға қатысады.


ТҮРКІСТАН: БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада аяқталды

Түркістан облысының БАҚ өкілдері арасында өткен спартакиада аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының БАҚ өкілдері арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті. Сайыстар спорттың 7 түрінен өтті. 27 мамыр күні қазақ күресі, бильярд, үстел теннисі және шахматтан мықтылар анықталса, 17-18 маусым күндері шағын футбол, волейбол және арқан тарту додалары қорытындыланды. Спорттық бәсеке ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына және 28 маусым - Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.


Тартысқа толы спартакиадаға жалпы 10 команда қатысты. Нәтижесінде жалпы есепте "Turkistan Media Holding" ұжымы 1-орынды қанжығаласа, "Рейтинг-Собкор" командасы кестенің 2-сатысына жайғасты. Ал, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің командасы жалпы есептегі 3-орынды иеленді. Өнерімен көпті тәнті еткен жеңімпаздарға ақпарат саласында еңбегі сіңген, өмірден өткен азаматтар атындағы арнаулы номинациялар табысталды.


Үздіктер Қарағанды қаласында өтетін БАҚ қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиадаға берілетін жолдамаға ие болды.