ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте тағы бір спорт кешені салынып жатыр

0
545

Нысанда бір ауысымда 20 оқушы жаттығады.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте тағы бір спорт кешені салынып жатыр

Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылында спорт кешені салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылынан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.


Спорт кешенінің аумағы – 0,60 га. Жобаға сәйкес нысанда бір ауысымда 20 оқушы жаттығады. Жаттықтырушы залы, киім ауыстыру мен жуынатын және медпункт, құрал-жабдықтар сақтайтын бөлмелері қарастырылған. Тұрақты жұмыспен 4 адам қамтылатын болады.


Құрылыс жұмыстарын биыл қараша айында аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебінің спорт залы мен бір бөлмесін пайдаланып жатқан ағыбеттік 100-ден аса жасөспірім осы жылдың соңында жаңадан іске қосылатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттың бірнеше түрінен шынығып, шыңдалатын болады.


Ағыбет ауылының тұрғындары құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан спорт кешені салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді.