ТҮРКІСТАН: Агросаланы дамыту мақсатында инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр

0
455

2,5 пайыздық несие алу арқылы ісін ілгерілеткісі келетін шаруаларға бағдарламаның артықшылығы мен мүмкіншілігін таныстырды.


ТҮРКІСТАН: Агросаланы дамыту мақсатында инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр

Төлебиде агросаланы дамытуда инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Сапар аясында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлымен бірге ауылшаруашылығы саласындағы шаруалардың жай-күйімен танысып, жүзеге асып жатқан жобалармен танысты.


Ең бірінші Кемеқалған ауылдық округі «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативінде болып, 140 га жерге егілген қарқынды алма бауына көңіл бөліп, отырғызылған көшеттер жергілікті ауа райына тез бейімделіп, жылдам тамыр жайғандығының куәсі болды.


Кәсіпкер Әсет Қайыпбековпен әңгімелесіп, оның алма өнімдерінен табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуды жоспарлағанын, қазіргі кезде жемістерді сақтайтын қойма салу ісіне кіріскенін біліп, қойма құрылысымен танысты.


Ермек Кенжеханұлы аудан аумағына тартылған ірі инвестициялық жобалардың бірі - Зертас ауылдық округіндегі «АйМар құс» ЖШС-нің құс фермасының құрылысымен танысты. Жоба іске асқан жағдайда 72 млн. дана жұмыртқа шығарылып, жергілікті 75 адамды тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.


Алғашқыда 220 мың баспен бастап, ары қарай 660 мың басқа көбейтуді көздеген инвестициялық жоба аудандағы құс шаруашылығын ілгерілетуге септігін тигізбек.


Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Көксәйек ауылдық округі «ADS Agro» ЖШС мал бордақылау алаңымен танысты. Ондағы асыл тұқымды жылқы еттері қазіргі таңда еліміздегі ірі компанияларға жеткізіліп, сатылып жатыр. Алдағы уақытта шетелге экспортқа шығарылмақ.


Ермек Кенжеханұлы аудандағы іссапар аясында жергілікті халықпен жүздесіп, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша халықтың талап-арызын тыңдап, 2,5 пайыздық несие алу арқылы ісін ілгерілеткісі келетін шаруаларға бағдарламаның артықшылығы мен мүмкіншілігін таныстырды.