​ТҮРКІСТАН: 8 наурыз мерекесіне орай 300-ден астам әйел полицейлер марапатталды

0
2 147

Қонақ ретінде шақырылған, полиция қызметінде ерлікпен қаза тапқан еразаматтардың жұбайларына арнайы соңғы үлгідегі теледидарлар табысталды.


​ТҮРКІСТАН: 8 наурыз мерекесіне орай 300-ден астам әйел полицейлер марапатталды

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Түркістан қаласының Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрында Түркістан облысы Полиция департаментінің шенді арулары, департаменттің әйел қызметкерлері мен қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жұбайларына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік іс шарада Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков әйел қызметкерлердің ерлермен иық тіресе қоғамдық тәртіпті күзетіп, түрлі қылмыстарды ашуда белсенділік танытып қызметтерін мінсіз атқарып жүрген әйел полицейлерді құттықтау сөзін айтып, ашып берді. Сондай-ақ, барша қыз-келіншектер мен пагондағы арулардың отбасына баянды бақыт пен ынтымақ, өзіндік қиындығы бар мамандықта Қазақстан халқы үшін адал еңбек атқарып жүре берулеріне тілек білдірді.

Халықаралық әйелдер мерекесінің құрметіне департамент басшысы Қ.Дәлбеков ТО ПД-нің Округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төраға-дәрігері Ләззат Қалматаеваны ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен, ҚР ІІМ-нің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен ПД-нің ЖЖБ-ның аға инспекторы полиция майоры Гүлнар Ешенкулованы, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісімен АБ-ның анықтаушысы полиция капитаны Бибігүл Төреханованы, ІІМ-нің Алғыс хатымен ҚҚЕБ-ның бас маманы Гүлназира Жолтаеваны, ПД-нің басшылығы тарапынан 8 полицей аруға алғыс хаттар мен 300-ден астам қызметтегі қыз келіншектерге ақшалай марапат табыстады.

Көктемгі мерекенің сый-сияпаты мұнымен біткен жоқ. Қонақ ретінде шақырылған, полиция қызметінде ерлікпен қаза тапқан еразаматтардың жұбайларына арнайы соңғы үлгідегі теледидарлар табысталды.
Одан әрі мерекелік іс шара қалалық сазды-драма театрдың өнер ұжымы мен полициядағы бірқатар өнерлі еразаматтардың сахна төріндегі ән күйімен жалғасын тапты.

Дереккөз: Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі