Сайрамдық жастар ұлттық ат спорты ойындарына қатысып жүр

0
1 854

ТҮРКІСТАН - САЙРАМ. 2018 жыдың тамыз айынан бастап пайдалануға берілген №3 аудандық спорт мектебіндегі спорт алаңшасында қазіргі кезде 3 спорт түрі бойынша 3 жаттықтырушы 60 жуық жасөспірімдерді ұлттық спорт түріне дайындауда.


Сайрамдық жастар ұлттық ат спорты ойындарына қатысып жүр

Сайрам ауданында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз туры болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен сапарда журналистер бірнеше нысанды аралап, ондағы әлеуметтік, экономикалық ақуалымен танысып қайтты.
БАҚ өкілдернің алғашқы табан тіреген нысаны жаңа ашылған ұлттық спорт мектебі болды. 2018 жыдың тамыз айынан бастап пайдалануға берілген №3 аудандық спорт мектебіндегі спорт алаңшасында қазіргі кезде 3 спорт түрі бойынша 3 жаттықтырушы 60 жуық жасөспірімдерді ұлттық спорт түріне дайындауда.
Аталған спорт бөлімшесі қысқа уақыт ішінде көптеген белестерді бағындырып үлгерген. Мәселен, жақында өткен Сайрам ауданының 90 жылық мерейтойына арналған сайыста осы мектептің жас шабандоздары жүлделі екінші орыннан көрінді.
Сайрам аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Асқаров ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында мектеп ашу және спорт түрлерін көбейту үшін қыз қуу, жамбы ату сынды спорттық ойындарды қолға алып жатқандығын айтты.
Бұл спорт кешендеріне тек спортшы жастар ғана емес, аудан тұрғындары мен қонақтары да атқа мініп, серуен құруына жағдай жасалаған. Мемлекет тарапынан қаржыландырылып отырған спорт бөлімшесінде қазіргі кезде 15 жылқы болса, алдағы уақытта бұлардың саны тағы 5 тұлпармен толықпақ. Сондай-ақ, ұлттық ат спортына бейім жастарды осы өнерге баулу көзделуде.