Қатерлі ісік емделеді. Скринингтік тексеруге немқұрайды қарамаңыздар!

0
2 556

​​ERNUR.KZ Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісік ауруларының алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында облыстық онкологиялық диспансерде Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының ұсынысымен «Ашық есік» күні өтті. Науқастарға тек тегін кеңес алып қана қоймай цитологиялық зерттеулерден тегін өтуге мүмкіндік берілді.


Қатерлі ісік емделеді. Скринингтік тексеруге немқұрайды қарамаңыздар!

ERNUR.KZ Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісік ауруларының алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында облыстық онкологиялық диспансерде Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының ұсынысымен «Ашық есік» күні өтті. Науқастарға тек тегін кеңес алып қана қоймай цитологиялық зерттеулерден тегін өтуге мүмкіндік берілді.

Скринингтік тексеру нәтижесінде жас деңгейіне қарай тексерілетін тұрғындарда қатерлі ісік ауруы анықталады. Мәселен, сүт безінің қатерлі ісігі ауруына жыл сайын 30 жастан асқан 150-ге жуық әйел шалдығады екен. Арнайы тексерудің арқасында бұл ауру белгілі болатындықтан олар құлан таза айыға алады.

Алайда, өңірде қатерлі ісіктер арасында тоқ ішек және тік ішек дерті күн санап өсіп барады. Қатерлі ісіктің барлық түрі өзімізде емделетін болғандықтан науқастың ем-шара қабылдауын бақылау, тиісті дәрі-дәрмектерді дер кезінде жеткізу ісіне немқұрайды қарау жоқ. Ал науқасы әбден асқынған жандарды квотамен науқастың қалауы бойынша Алматы не Астана қалаларына жібереміз, -дейді облыстық онкологиялық диспансердің емхана меңгерушісі Болат Дәуренов.

Мұнда күніне 500-ге дейін науқас тексеріледі. 2000 жылдардың төңірегінде халыққа қызмет көрсете бастаған диспансерде сапалы технология саны жеткілікті болғанымен цитолог, лаборант мамандары өте тапшы.

Жалпы жаңадан пайда болған қатерлі ісік бірден ұлғайып кетпейтінін ескерсек, бұл аурудан айығуға әбден болады. Тек дерт дер кезінде анықталса жетіп жатыр.