Батысқа көмек: Түркістандық БАҚ өкілдері шөп оруға шықты

0
1 881

Өзге де азаматтарды күш біріктіруге шақырады.


Батысқа көмек: Түркістандық БАҚ өкілдері шөп оруға шықты

Батыс Қазақстанға көмектесуге бел буған түркістандық журналистер шөп оруға шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Осының алдында Құрмет есімді азаматтың қуаңшылыққа тап болған батысқазақстандықтарға көмек көрсетуге шақырып, шөп оруға кіріскені жайлы хабарлап едік. Қазіргі уақытта ол жігіттің бастамасына үн қосушылар қатары артып келеді. Солардың бірі - "Оңтүстік Қазақстан" облыстық қоғамдық-саяси газетінің қызметкерлері.


Құрметті қолдаған БАҚ өкілдері орағы мен айырын алып, шөп оруға кірісіп кеткен.


"Өткен аптада білесіздер қазығұрттық замандасымыз Құрмет күллі Оңтүстік халқына үндеу тастаған еді. "Кезінде Арыста жарылыс болғанда, Мақтаралды су алғанды жанымызға жалау болған өңірлердің бірі Батыс Қазақстандағы ағайын еді. Қазір олардың малы жеуге шөп таппай, қырылып жатқанда неге біз оларға көмектеспейміз" деген-ді Құрмет. Ұлтын сүйген, елін сүйген азаматтың ғана аузынан шығатын сөз ғой. Құрметтің бастамасына қосшы болып, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің жігіттері келіп қалдық. Мақсатымыз - көмек қолын созып, Құрметтің батысқазақстандық ағайынға көмектесейік деген үніне үн қосу. Біздің кейбір әріптестеріміз кешегі мерекені әлі тойлап жүр. Сол әріпестерге айтарымыз, той тойлап біткен соң, осы бір Сарыағаш ауданында жалғыз өзі қамыс орып жүрген Құрметке жәрдемдесіп жіберіңіздер. Тек әріптестеріміз ғана емес, өзге де мекемелер, ұйымдар Құрметтің бастамасын қолдап жіберсе, жанына жалау бола алса, елдігімізді көрсетпей ме?! "Жұмыла көтерген жүк жеңіл". Батыстағы бір қандасымызға пайдамыз тисе соның өзі ғанибет қой", - дейді газет ұжымы.