15 соттық жер түркістандық бағбанды мол табысқа жеткізген

0
1 409

Он бес соттық жер бағбанды байытып жіберді.


15 соттық жер түркістандық бағбанды мол табысқа жеткізген

Түркістандық шаруа жер ананың жерге қаратпайтынын жеткізді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданының дихандары ақпан айынан бастап жер ананы "ему" үшін еңбек етуді бастап кетеді. Ең көп табыс әкелетін де осы бау-бақша дақылдары. Бағың мен бабың қатар шауып, бейнетің жанып жатса, 15 соттық жерденде байып кетуге болады. Оған осы аудандағы Сапар есімді шаруа кепіл.

Ол алғашқы кезде үй іргелік 15 соттық жеріне қызанақ еккен. Сол жылы 1 қорабын 2500 теңгеден саудалап, қомақты табыс тапқан.

«Басында бұндай пайда табамын деп еш ойламадым. Диханшылықтың нанын бір жеген соң отыра алмайды екенсің. Кейін уақыт өте келе үй іргеліктен егістік жерге диханшылық жасауға көштім. Қазір баклажанның өзінен 5 миллион теңге көлемінде пайда таптым. Құдайға шүкір, осы жердің арқасында тұрмыстық жағдайымды жасап, бала-шағамды оқытып отырмын. Ерінбей еңбек етсең жер ана жерге қаратпайды", - дейді жетісайлық дихан Сапар.

Айта кететін болсақ, баклажан көтерме бағада 1 келісі 270 теңгеден саудаланып жатыр. Аталмыш бақша дақылы гектарына 25 тоннаға дейін өнім береді екен.