Жас келіннің етегін ашып аластағандар сынға қалды

0
12 182

Келіннің етегін ашып аластағандар сынға қалды. Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазба оқырмандардың айтуы бойынша, Маңғыстау жерінде түсірілген.


Жас келіннің етегін ашып аластағандар сынға қалды

Келіннің етегін ашып аластағандар сынға қалды. Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазба оқырмандардың айтуы бойынша, Маңғыстау жерінде түсірілген.

Видеода жас келінді отырғызып адыраспанның түтініне бетін ғана емес белін де аластайды. Оның артынша тағы бір келін келіп отқа қолын бұлғам, бетін сипайды. Ал жанында әйел оның етегін ашып аластаған.


Көпшілік оқырман мұндайды бірінші рет көрген болса керек, желіде түрлі пікірлерін жаңбырша жаудыруда. Олардың көпшілігінің ойынша, бұл отқа табыну - Аллаға серік қосу болып табылады. Тіпті бірі "келіннің орнында болғанда отты теуіп жіберетін едім" деген ойын жазған.

Фото-видео әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ