"Ұзатуда жылап кетсін деген заң жоқ!": Ұзату тойында көңілді болған қыз жұртқа жақпай қалды

0
7 001

​Желіде "21-ғасыр тойы" деген атаумен ұзатылу тойында күліп жұрттың көңілін көтерген, шашы қысқа қыздың видеосы тарады.


Желіде "21-ғасыр тойы" деген атаумен ұзатылу тойында күліп жұрттың көңілін көтерген, шашы қысқа қыздың видеосы тарады.

Бұл бейнежазбаны бөліскендердің барлығы дерлік "21-ғасыр тойы" деген жазба қалдыруда, олардың арасында тіпті танымал адамдар да бар.

Қай аймақта түсірілгені белгісіз видеоны көрген желі қолданушылары "Қазақ қызының атына кір келтірдің", "Ұзату жасамай ақ қоймадың ба?", "Қайран, Жазираның мына әні қор болды-ау", "Бетіңді ашқан асаба талып қалмасын" деп қыздың қылығын сынға алды. Ал енді бір бөлігі "Ұзатуда жылап кетсін деген заң жоқ!", "Өтірік жылап қажеті не? Қыздар байға тиіп өтірік жылайды, қимай. Сосын анау мынау деп тұрмай қояды. Дұрыс осылай бодро кету керек. Аман болса шашы тағы өсер" "Мүмкін ауыратын қыз шығар?! Түбін білмей біреуді талқыламайық" деген сөздермен араша түсіп жатыр.

Ал сіздің ойыңыз қандай? Ұзату тойда қыздың жылап кетуі міндетті ме?


Видео әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ