Тойға Қайрат Нұртастың қуыршағы шығып жүр

0
2 517

Әнші оны сотқа беруі тиіс деп санайды бірқатар желі қолданушылары


Тойға Қайрат Нұртастың қуыршағы шығып жүр

Иә, қателескен жоқсыз! Қазір тойға Қайраттың өзін емес, қуыршағын шақыратын болған. Танымал хитменнің бейнесіндегі бұл үлкен қуыршақтың тойда ән айтып жүргені желі де тарап кетті.



Әдетті Қайраттың тойдағы гонорарының көп екендігі жиі айтылады, енді әлдеқайда арзан бағаға оны шақыра аласыз. Бұл қуыршақ Қайраттың репертуарындағы әндерді қойып, халықтың ортасында микрафон ұстап билеп жүреді.

Мұны көрген желідегі оқырмандар сынып та, жақтап та жатыр. Әншінің шын жанашыр жанкүйерлері "әнші оны сотқа берсін", "басқалар оңай ақша табудың амалын жасап жатыр" деп назданса, кейбірі тек әзіл үшін екенін айтуда.


Фото-видео: Әлеуметтік желіден алынды

ERNUR.KZ