"ШАЛДАРДЫҢ ЖҮРЕГІН АУЫРТЫП" - Шіман апаны "ұнатып" құшақтаған шал күлкіге қалды (видео)

0
4 635

Шіман апаның сомдаған рөліне сенген қария қасынан айналшықтап кете алмай қалды.


фото: ашық дереккөзден

Шіман апа атымен көпшілікке танылған әзілкеш Ерболатты шын мәнісінде кемпір деп ойлаған ата көпшіліктің көңіліне күлкі ұялатты. "Күлсең, кәріге күл" демекші, қазақтың тойында асабалық қызметті тізгіндеген Шіман апа ортаға сол тойдағы жасы келген қарияны ойынға алып шығып, үлкен кісіні күлкіге қалдырды. Елдің көңілін аулаймын деп, өзі ыңғайсыз жағдайға түскен әзілкеш "мен де еркекпін" деп оны әрең сендірді. Көпшіліктің көзінше қайта-қайта кемпірді құшақтаған атаның видеосы әлеуметтік желіге тарады.



Дәл осындай сценарийді сахнадан да таба алмайсың деп ойлаған көрерменнің күлкіден көзінен жас та шығыпты. "Күлсең, кәріге күл" деген оқырмандардың пікірлері толастар емес.

«Бұндай сценарийді сахнадан да таба алмайсың», "Қатырған екен мына шал. Шалдар ізіңнен қалмайт енді», «Мына шалың жынды ғой, жастар жаман дейтін еді шалдар жамаааан ғой», «Нең бар кемпір болып сол үшін», «Шіман апа, қойсай ондайды. Шалдардың жүрегін ауыртып» деп жазып жатыр оқырмандар.

ERNUR.KZ