Модерн Токингтің әніне билеген әжей желіде хит болды (видео)

0
26 981

Біреулер көңілді билеген әжейге тамсанса, енді бірі оның бұл қылығын құптамады.


Модерн Токингтің әніне билеген әжей желіде хит болды (видео)

фото: видеодан скриншот

Той қызықтарының кезекті бір жарияланымында желінің жұлдызы ақ жаулықты әжей болды.

Атақты Модерн Токингтің әніне жұлқына, көңілді билеген әжей көпшілік орында жұртты өзіне тәнті еткен. Айнала тұрғандар қол шапалақтап қошемет жасап, тіпті асабаның өзі де дән риза болған.

Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің пікірін екіге бөлген сыңайлы. Бір тарап бұл жастағы әйел затының бұлайша билегенін қоштай қоймаған. Ал екінші жағы еркін қимылдап, жеңіл билегені үшін разы болып, қолдау білдірген.

Бейнежазбада өрескел ешқандай әрекет жасалмайды. Оның қайда және қашан түсірілгені белгісіз.