Желідегілер келінді вокзалдан шымылдықпен күтіп алғандарды сынға алды (видео)

0
7 384

Оқырман: "Беташарды да сол жерде жасаған шығар?"


Желідегілер келінді вокзалдан шымылдықпен күтіп алғандарды сынға алды (видео)

"Әр елдің салты басқа...". Десек те, бір елдің аймағында да түрліше жасалатын салттар болады. Ол әр аймақтың орналасуына, ата дәстүрді сақтауына да байланысты.

Әуелде қазақ жаңа түскен келінді ақ шымылдықта күткен. Көпшіліктің санасында ол шымылдық "үйдің оң жағындағы бөлмесінде ілінуі керек" деген түсінікпен қалыптасқан еді. Ал қазір шымылдықты далада "ілетіндер" де кездесіп жүр.

Әлеуметтік желіде пайда болған видеода пойыздан түскен келінді ақ шымылдықты керіп қарсы алып жатқанын көруге болады.


Бұл видеоны көрген желі қолдануышыларының "Беташарды да сол жерде өткізген болар?", "Шымылдықты сүйретіп жүргендері жаман екен" деген сияқты теріс пікірлерін көптеп жазған.

Шымылдықты далаға алып шыққан жалғыз видео емес бұл, төмендегі видеодан да жаңа түскен келінді шымылдықпен күтіп алып жатқанын көруге болады.


Аталмыш видеолардың қай өңірде түсірілгені белгісіз. Мұндай жоралғы көпшілікке аса ұнамаған секілді. Өйткені олар ақ шымылдықтық үйге ілу керек деген пікірді алдыға тартқан.

Дегенмен, әдеби кітаптардан "Келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығып, шашу шашады. Шымылдықты келіннің бетіне жауып, бет-жүзін үлкендерге көрсетпей, қайын атасының үйіне алып кіргізеді" деген жолдарды кездестіруге болады.

ERNUR.KZ