"Әркім өз әйелімен билесін" - Асабалар "халал ойын" ойлап тапты (видео)

0
4 171

Тойдағы тамашаны қызықтап отырған кейбір әйелдер олай айтудан бас тартады.


Қазақ халқының қазынасы саналатын тойлардың көбінде соңғы кездері өте ыңғайсыз жағдайлар орын алып, оған көпшілік асабаларға кінә тағатын. Сондықтан болар, енді асабалар "халал ойын" ойлап тауыпты.

Бұл ойынның "халалдығы" сол, ортаға шақырылғандар тек өз әйелдерімен билеуі тиіс. Сонымен қатар, әркім өз әйелінің дауысын теріс қарап тұрып жазбай тануы керек.

Десе де, "басқаның әйелімен билеуге болмайды" деген асаба ойынға шыққандарды шатастыру үшін басқа әйелдерге "жаным" дегізеді... Тойдағы тамашаны қызықтап отырған кейбір әйелдер олай айтудан бас тартады.

Youtube желісінде жарияланған бұл тойдағы асаба біршама көрермендеріне танымал секілді. Көпшілігі қолдап, "асабалар иманды болып келеді" деп пікір қалдырса, енді бірі оның ерсілеу сөздерін сынға алған.