​Балаңыз НЕ ҮШІН тыңдамайды? Кінәлі АТА-АНА ма?

0
7 698

Баламен арадағы қарым-қатынас жақсы болу үшін, ең алдымен оның сізді бір айтқаннан тыңдамауының себебін түсінуге тырысу керек.


​Балаңыз НЕ ҮШІН тыңдамайды? Кінәлі АТА-АНА ма?

фото: ғаламтордан

Баланың айтқанды тыңдамауы барлық ата-анаға таныс жағдай болса керек. Бір емес, екі-үш рет айтқанды орындай қоймаған соң ашуға булығып айғайға басатынымыз жасырын емес. Бірақ кейде осы ісіміз үшін өкініп те жатамыз.

Мұндай өкінішке бой алдырмай, баламен арадағы қарым-қатынас жақсы болу үшін, ең алдымен оның сізді бір айтқаннан тыңдамауының себебін түсінуге тырысу керек. Баланың сіздің айтқаныңызға мән бермеуі немесе тыңдамауы әр кезде әр түрлі жағдайға қарай болады. Сондықтан да оның себептері де түрлі болады.

Баланың ата-анасын тыңдамауының негізгі себептері және оны қалай түзетуге болады? Көз жүгіртейік.


Сіз тым көп ескертулер жасайсыз және тым талапшылсыз

Қазіргі ата-аналар тым мазасыз келеді, барлығын алдын-ала уайымдап, бәрінің алдын алуға ұмтылады. Сондықтан өз толқынысын ескерту ретінде айтады. Мысалы, "шұлығыңды ки", "күн салқында сыртқа шықпа", "салқын су ішпе", "қолыңды жумай жеме" және тағысын тағы жалғасып кете береді. Бұларға тағы ескертпе-қорқыту сөздері қосылады. «Егер осылай жасамасаң, онда телефоның жоқ», «ыдысты жумасаң, салқын ішсең, онда сыртқа ойнауға бамайсың», т.б сөздер.

Ата-ананың мұндай талаптарының кейде шегі жоқ секілді көрінеді. "Қоқысты шығар", "ойыншықтарды жина", "теледидар, телефон көп қарама", "барып кел – шауып кел", "хабарлас". Мұның барлығы күнделікті қайталана берген соң бала оны шындап қабылдауды қояды.

Егер бала сіздің айтқан сөздеріңізді байыппен қабылдап, айтқаныңызды жасасын десеңіз, онда ескертулер мен қойған талаптарыңыздың санын азайту керек.


Нәтижелерге мейіріммен, қамқорлықпен қарайсыз

Ата-аналар көп ретте балаға бір нәрсені дұрыс жасамай қателесетін болса, онда оны достарына, ойынға бармау, телефонын алып қою, дүкеннен зат алып бермеу секілді жазалар күтетінін айтып қорқытып қояды. Бірақ айтарын айтып нәтиже шықпаса, яғни жай сөз күйінде қалып, жаза қолданылмаса, онда баланың келесі жолы тыңдай қоюы екіталай. Себебі сіздің қорқытуыңыздың бәрі тек сөз жүзінде қалып қойды. Сондықтан айтылған сөз шын болып, сол сөз іс жүзінде орындалуы керек.

Мысалы, үй жиналмаса телефонды алып қоям деген болсаңыз, айтқаныңыз орындалмаған жағдайда телефонды алып қойыңыз. Бірақ, әрбір талап пен шектеудің баланың жасына, істеген ісіне сай жасалатынын естен шығармау керек. Сондай-ақ болмашы нәрсеге қаталдық танытпаған дұрыс.


Фото: kolyaski-land.ru


Сіздің нұсқаулықтарыңыз бала үшін түсініксіз

Егер сіздің нұсқауыңызда бос сөздер көп болса, онда бала шын мәнісінде одан не талап етіп, не қалап тұрғаныңызды түсіне алмайды. Сіздің сөзіңіз қарапайым, нақты және түсінікті болуы керек. Балаға қандай да бір хабарды айтқанда немесе бір іске нұсқаулық бергенде, сіздің сөзіңіз қысқа, тура сол іске қатысты болғаны дұрыс. Яғни, ешқандай өткен шақты жасаған ісін есіне салмай, "аржағын өзің түсінесің" деп тұспалдамай айту қажет.

Бұлай сөйлесу ата-ананың ісін әлдеқайда жеңілдетеді. Сондай-ақ баладан айтқан сөзіңіздің түсінікті болған болмағанын қайта сұрауды ұмытпаңыз және нұсқаулықты қайталап беруін сұраңыз. Сонда бір бірлеріңізді дұрыс түсінгендеріңізге анық көз жеткізіп аласыз.


Сіз баладан тым көп нәрсе қалайсыз

Кейде біз өзіміздің баладан тым көп нәрсе қалайтынымызды сезбейміз. Күннің аяғына қарай баланың үлкендерден де көбірек шаршайтынын түсініңіз. Олардың психикасы күні бойғы іс-әркеттерден ауырлайды, жүйке жүйесі қайта реттелуге үлгермейді. Сондықтан кешке қарай көптеген балалар шаршаудың әсерінен мазасызданып, қыңқылы көбейе бастайды. Сондай-ақ олар шаршағаннан айналадағы назарды, өзіне айтылған сөзді аңғармайды. Ал бізге ол әдейі істеп тұрғандай көрінеді.

Сонымен қатар балаға бір-екі жұмыстан артық тапсырма беріп, өтініш жасамаңыз. Себебі олар одан артығының бәрін ұмытып кетеді. Біз көбіне, «сабағыңды орындап болған соң киімдеріңді дайындап қой, ыдыстарды жуа сал, сабақтан келген соң маған хабарлас, жолай дүкенге соға кел, т.б» көптеген жұмыстар, тапсырмалар тізбегін қатар айтамыз. Ал бала болса соның біреуін ғана, оның ішінде бірінші айтылғанды ғана есінде сақтауы мүмкін. Сондықтан тек бір-екі тапсырманы орындап болған соң, нәтижесін, яғни орындаған орындамағанын біліп, көз жеткізіп болған соң ғана келесі тапсырманы айту қажет.


Сізге баладан бірнәрсе сұраған, өтініш еткен кездегі дауыс ырғағын өззгерту керек

Егер басшыңыз сізге бір істі тапсырарда сыпайы айтып өтінсе, онда сол тапсырманы ықыласпен орындап, тезірек бітірп тастауға асығасыз. Міне, егер сіз де балаға дәл солай сыпайы, мейіріммен, күлімдеп айтып тапсырсаңыз, онда жұмысыңыз, өтінішіңіз мұқият жақсы орындалатынына көз жеткізесіз. Өйткені бала ата-анасының көңілінен шығып, оларды қуанту үшін алдындағы ісіне бар зейінін салады.

Тапсырма біткен соң арқасын қағып, басынан сипап мақтап қоюды ұмытпаңыз.


Баладан сұраған нәрсеңіздің маңыздылығын ойланыңыз

Кейде балаңыздан сұраған, талап еткен нәрсеңіздің сол сәтте қаншалықты маңызы бар екенін ой елегінен өткізіп көріңіз. Көбіне балаға бір нәрсені бүлдіріп немесе дұрыс жасай алмай қалғанында айғайлап, ұрсып ашуланып шыға келетініміз жасырын емес. Ал бірақ сол балаңызбен ара қатынасыңызға салқындық салатындай соншалықты маңызды ма?

Сондықтан ұсақ-түйекке көзді жұмып, күніге бір рет балаңызды қысып құшақтап қойыңыз. Орындалмай қпалған істен әлем қирап қалмасы анық.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.

Дереккөз: razvitie-krohi.ru.

Тағы оқыңыз: Жиі ҚҰШАҚТАСАТЫН ерлі-зайыптылар АЖЫРАСПАЙДЫ