​Альфа немесе дельта: Әйелдердің 6 түрі

0
2 993

Альфа әйел – жігері мықты, айқын мақсаты бар, тек өз өмірін ғана емес айналасындағы жақын жандардың да өмірін бақылауда ұстай алатын жандар.


​Альфа немесе дельта: Әйелдердің 6 түрі

көрнекілік фото

Негізінен адамдар мінезіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Геометриялық өлшемдермен аталатын бұл түрдің өзіңіз қайсысына жататыныңызды төменнен оқып біліңіз.


Альфа әйел – жігері мықты, айқын мақсаты бар, тек өз өмірін ғана емес айналасындағы жақын жандардың да өмірін бақылауда ұстай алады. Мұндай әйелдердің артықшылығы барлық жағдайда алда және жақсы болуға, дегеніне жетуге ұмтылады. Қолға алған ісін ертеңге қалдырмайды.

Ал кемшілігі – бәсекеге құштар, демалыс дегенді ұнатпайды, өзгелерге қояр талап, міндеті жоғары және өзінен басқа ешкімге сенбейді.

Альфа-әйел өзіне сенімді жан, тәуелсіз болғанды ұнатады, барлығын өзі жасап үйренген. Сондықтан барлық маңызды істердің өзінің бақылауында болғанын жақсы көреді. Әрине қазіргі кезде мұндай қыз-келіншектер жаңалық емес, дегенмен бұрын аз болатын. Альфа-әйел қоғамдағы әйелге тән қалыпты өмірді таңдамайды. Олар үй шаруасында емес, көбіне саясатта, медицина саласында, ғылым мен бизнесте жүреді. Үй шаруасындағы альфа-әйелдің өзі үйдегі бар міндетті өз мойнына алып, өзі басқарады. Көбіне мұндай қыз-келіншектер ер азаматпен ұзақ қарым-қатынас құра алмайды. Оның себебі ер адамды өзіне тең санамауы немесе ер азаматқа әйелінің отбасылық өмірдегі тізгінді өз қолына алғаны ұнамайды.


Отбасылы альфа-әйел. Альфа-әйел отбасындағы барлық мәселені жоспарлап, шешіп, бәрін қолына алады. Бір сөзбен айтқанда бастық. Мұндай әйел өзінің жұмысынан бастап балалардың тәрбиесі, тіпті жолдасының да ісіне араласып шешім шығарады. Әйелдің мұндай болуына бала кезден анасының мықтылығын көріп өсуі себеп болуы мүмкін. Альфа-әйелдер өзінің жанынан тағы бір мықтыны көре алмайды. Себебі ол бар күш-қуатты басшы болудан, барлығын өз бақылауында ұстаудан алады. Алайда жоғарыда айтып кеткендей мұндай әйелмен ер азамат ұзақ уақыт бірге тұра алмайды. Ер азаматқа да бастық емес, әйел керек.

Альфа-әйел мен жолдасының арақатынасы ұзаққа бару үшін, әйел өзінің басшылық энергиясын басқа арнаға бұрғаны дұрыс. Яғни жұмыста немесе балаларға басшы болуы керек, тек күйеуіне емес. Отбасының бақыты үшін альфа-әйел нәзік болғаны жөн. Мықтылық, күш, қайсарлық – ер азаматтың жаратылысына тән, ал әйел – сезімге ие, жаны қаммқлорлыққа толы жан. Ер азамат барлығын қолмен жасайтын болса, әйел тыңдайтын, қолдайтын, жұбататын жан.


Бета әйел

Бета-әйел көбіне сырт көзге әлсіз секілді көрініп, көзді алдайды. Альфа-әйелмен салыстырғанда бета-әйел кішкене икемге көнеді. Бета-әйел қақтығыс, айғай шудан аулақ болғанды және өмір ағысымен жүргенді дұрыс көреді. Өз ойын айтудың орнына үнсіз қалады. Дегенмен өзгелерге көмектесуге ұмтылып, көп жерде айғай шудан қашып үнсіз қалғанымен бета-әйел өз тарапына көрсетілген құрметсіздікке көз жұма қарай алмайды.

Бета-әйел кішкене мазасыз келеді. Бірақ өзіне қажетті нәрсеге қол жеткізуге келгенде табандылық танытпайды. Яғни бір істі қолына алып онысы дұрыс болмай жатса, қайта жасап көріп жақсы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылмайды. Олар өте мейірімді. Бірақ мейрімділігін әлсіздікке балауға болмайды.


Гамма әйел

Гамма-әйелде бірнеше түрдің белгілері болады. Олардың өмірі көп ретте тым жақсы, керемет болып көрінеді. Гамма-әйел ешкімге тәуелді емес және ешкімнің рұқсатын күтпейді. Ұйымдастырушылық қасиеті басым, мақсаты айқын, табысты жан. Бұл типтегі әйелдер алысты болжайды. Үнемі алдына мақсат қойып, өз жоспарымен жүруге тырысады. Міндетті түрде бірдеңе бастамас үшін оны алдымен жоспарлап алады. Сондай жоспарының арқасында өзгелерден біршама алда жүреді. Гамма-әйелдің үйі үнемі жинақы, таза, жайлы болып тұрады.


Дельта әйел

Дельта – әйел бета - әйелге ұқсас келеді. Алайда дельта - әйел көбіне өзінің қаржылық жағдайы мен сыртқы келбетіне көбірек назар аударады. Мұндай жандар көп ретте өте ұстамды келеді және жұрттың назарын аудартқанды да жек көреді. Адамдармен тез тіл табысып кетуге қабілетті. Бірақ көп ретте ағашқы кездесуде қобалжуы басым болады. Дельта-әйел қарым қатынасқа және достыққа өте берік, айналасындағы жандарды бағалай біледі.


Сигма әйел

Сигма-әйелдің альфаға кей тұстары ұқсайды. Олар тереңнен ойлайды, сезімтал және өзіне сенімді. Көп ретте мұндай жандар суық көрінеді. Сигма-әйел айналасындағы жандардың ой пікіріне тәуелді емес және көбіне ара қашықтық ұстануға тырысады. Егер сигма-әйел бірінші болып қадам жасайтын болса, ол міндетті түрде көшбасшы болады. Бірақ мұндай қадамды жол қалмағанда ғана жасайды. Егер бір нәрседен жақсы нәтиже шығатынына сенімді болса, онда талмай еңбек етуге талпынады.

Сигма-әйел сезімтал болғандықтан адамға тез бауыр басады. Жақын жандарына ұзақ ренжіп жүре алмайды.


Омега әйел

Омега-әйел өте тұйық, сезімтал және үйде тыныш демалғанды жақсы көреді. Қарым-қатынаста адал, достыққа берік жандар. Омега-әйел өте нәзік, тартымды көрінуі мүмкін. Алайда сезімін ішке жиналған кезде бомба секілді бірден жарылады. Мұндай тұлғалар өте ақылды, оқығанды жақсы көретін, мұқият жандар. Омега-әйел өзінің ұялшақтығынан біреумен тез жақын араласып кете алмайды. Бірақ жақын жанына адалынан берілген жан.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ