​СІЗ өз тәніңізді СҮЙЕСІЗ бе?

0
1 895

Неге оны қадірлемеске?! Сөзбен емес, іспен.


​СІЗ өз тәніңізді СҮЙЕСІЗ бе?

фото: pervoz.ru

Неге біз тек бет әлпетімізді ғана әрлей береміз? Ал денемізді ше? Оған қай уақытта көңіл бөліп, оны шын сүйеміз? Көрінбей киім астында тұрғандықтан ба, әлде маңызды санамаймыз ба?

Бір сәт ойландыңыз ба? Әлде уақыт жоқ па?

Осы күнге дейін, осы жасқа келгенше, қанша күн мен жыл, қанша уақыт сізбен бірге дәл осы сәтте де қызмет етіп жүрген денемізді неге сүймеске?!
Неге оны қадірлемеске?! Сөзбен емес, іспен.

Қазір қыс мезгілі болғандықтан, барлығы да басқаша. Күтім де соған сай болуы тиіс. Бет терісінің, шаштың күтімі де, сонымен қатар макияж таңдау да өзгешерек. Жылы мезгілдерде біз күтім жасауда үйреніп қалған әдеттерден әлдеқайда өзгеше болады. Ал суыққа әзірлену, күтім жасаудың қажеттігін қарастырайық.


ДЕНЕ КҮТІМІ

Қыста қол мен аяқ терісінің құрғауынан қорғану керек.
Ол үшін күнделікті қолыңыз бен аяқтарыңыздың терісін ылғалдандыруды ұмытпаңыз. Қалай ылғалдандырамыз деген сұраққа келсек, мысалы, әрбір кеште ұйқыға жатар алдында лосьон жағуға болады. Мұны күнде белгілі бір уақытта жасап отырсаңыз, дағдылану оңай болады.
Күн тіптен суытқан кезде, лосьонды денеге арналған нәрлендіргіш креммен алмастырыңыз. Сонымен қатар, оны жаққаннан кейін мақта-матадан тігілген шұлық немесе қолғап кисеңіз болады, бұл кремнің теріге тереңдей сіңуіне және барынша айқын әсер беруіне мүмкіндік туғызады.
Қыста кремді қолымызды әрбір жуған сайын жағып отыруға және де аяқтарыңыздың терісі жұмсақ болып қалуы үшін аптасына бір рет аяққа арналған қырғышты пайдаланғаныңыз жөн.

Ыстық немесе тым салқын душ қабылдауға болмайды, судың температурасын қалыпты етіп алыңыз. Тоңбайтындай, денеден ыстық өтпейтіндей. Шамамен 37° C жылы болуы тиіс. Душқа түсу кезінде қатты щеткамен шеңбер қимыл жасай отырып терідегі өлі жасушалардан арылтамыз. Денедегі зат алмасу процестерін жылдамдатсақ, терінің жағдайы жақсарады. Ванна қабылдау жүйке жүйесінің де жұмысын жақсартады.

фото: mir-hotels.com

Сондай-ақ, душтан соң, салқын сумен бір рет шайынып алу да пайдалы. Денеге арналған скрабтарды да аптасына бір рет қолданып тұрыңыз. Құрғақ теріге аптасына бір рет пилинг жасау жеткілікті, ал майлы теріге аптасына 2-3 рет пиллинг жасау орынды. Денеге жеңіл массаж жасап, әдемі қалыпқа келтіру үшін дымқыл теріге шиыршықтап оралған жұмсақ сүлгімен дененің төменгі бөлігінен жоғары қарай айналмалы қозғалыстармен массаж жасаңыз. Бүкіл денеге қан тарайды.


Денені ылғалдандыру және нәрлендіру

Душ немесе ванна қабылдағаннан кейін, әсіресе пиллингтен соң денеңізге ылғалдандыратын және нәрлендіретін косметиканы қолданыңыз.

Дене күтімі үшін косметиканың кең таралған түрі - гельдер, май, кремдер, мусстар, бальзамдар т.б.

Құрғақ теріге арналған косметикалық бұйымыңыз болмаса, оның орнын кілегей немесе қаймақпен алмастыра аласыз.

Ең алдымен, біздің денемізге А, Е, D және F дәрумендері бар өнімдер аса қажет. Әсіресе, шаршаңқы, әлсіреген дене терісіне ауадай маңызды. Дәрумендер олар әсіресе суық мезгілде денеміздің талап ететін нәрсесі.

Егер сіз осы уақытқа дейін денеңізге ерекше көңіл бөліп, күтім жасауды маңызды деп ойламайтын болсаңыз, қазір де кеш емес, қолға алыңыз.


Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ГИДРОФИЛЬДІ МАЙдың қандай пайдасы бар?


Қыста шашқа дұрыс күтім жасау МАҢЫЗДЫ