Шаш саулығы үшін ЖҰМЫРТҚАдан артығы жоқ

0
2 294

​Жұмыртқадан МАСКА жасап, шашыңызды күтіңіз


Шаш саулығы үшін ЖҰМЫРТҚАдан артығы жоқ

фото: avon-wish.ru

Бұл қыз-келіншектердің арасында кеңінен танылған маска түрі. Бірақ соның өзін жасауға ерінеміз немесе уақытқа ысырып тастай саламыз. Солай болса да, шаш күтімі үшін қымбат косметикалық өнімдерден ақша аямайтын арулар көп шығар. Ал әр үйден табылатын, тоңазытқышыңызда толып тұратын қарапайым жұмыртқаның 1 данасын тым болмаса аптасына кем дегенде бір рет шашыңыздың саулығы үшін «құрбан» етіңізші.


Өздеріңіз білетіндей, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыздан тұрады. Ал сары уызының ағзаға еш зияны жоқ қаныққан майды құрайды.

Жалпы алғанда, жұмыртқа құрылымы 13% ақуыздан, осындай мөлшерде майдан, 0,67% көмірсудан құралған. А, В, Д, Е дәрумендері мен кальцийге, ақуызға, протеинге, холестеринге бай. Бұл минералдар мен дәрумендер тірі ағза мен шаштың саулығы үшін өте пайдалы.

Мұны білген адамдар ертеден-ақ жұмыртқадан түрлі маскалар жасап, шаш күтіміне арналған косметикалық құрал ретінде қолданған. Адам денесіндегі әр мүшесі ол тірі ағза. Тіпті шашымыз, тырнағымыз да уақытымен өсетін болғандықтан, оларға да адамның бір мүшесі деп қараймыз. Адам ашықса тамақ жейді, шөліркесе су ішеді дегендей, шашқа да керекті қорек затын уақытылы беріп тұруымыз керек. Егер шашыңыз лайықты күтім көрмесе шашыңыздағы проблемаларды байқай беретін боласыз. Ендеше оның алдын алу үшін қандай күтім қажет, қандай маска жасау тиімді екенін біле жүріңіз.


1.Шашты жуудың алдында зәйтүн, кокос, ошаған майын ұштарына, бас терісіне жағып бір сағаттай жүру керек. Бұл процедура шаштың ұштануын азайтады және өсуіне көмектеседі
2. Шаш кептіргіш құралды (фен) асығыс кезде ғана пайдаланыңыз. Мейлінше табиғи жолмен кептірген дұрыс.

3. Шашқа кондиционер жаққан кезде тістерінің арасы алшақ ағаш тарақпен тарап алу керек. Шатасқан шашты жұлмаламай асықпай ұшынан бастап тараңыз.

4. Ылғал шашты сүлгімен ұзақ орап жүруге болмайды. Себебі, шаш жіптен де жіңішке, нәзік сынғыш. Ал сулы шаш тіпті нәзік.

5. Шашыңызды тым қатты қысып жинамаңыз.Қатты тартып жинағаннан бас терісі ауырып бастайды. Шаш түбінен өсетіндіктен ол жерде қан айналым әлсіз болады. Ал қанайналым дұрыс болмағандықтан, шаштың өсуі баяулайды.

6. Шашқа пайдалы азықтарды көп тұтыныңыз. Олардың қатарына сәбіз, жұмыртқа, балық т.б. кіреді.

фото: zi-opt.ru

Енді жұмыртқадан қандай маскалар жасауға болатыны жайлы айтайық.

Маскаға арналған жұмыртқа ескірмеген әрі бөлме температурасымен бірдей болу керек. Шаш үшін қолданылатын кез келген маска құрғақ шашқа жағылып, сусабынсыз жылы сумен жуылуы керек. Бірақ масканы жуып тастаған соң, артынан шашқа арналған кондиционерді қолдануға тырысыңыз.


Шашты нәрлендіру үшін

Шашты нәрлендіру әрі жұмсарту үшін жұмыртқаның ақуызынан жасалған маска пайдалы. Ол үшін 1 дана жұмыртқаның ақуызын бөліп алыңыз да, 3 ас қасық қаймақ пен 1 шәй қасық зәйтүн майын қосып араластырыңыз. Қоспаларды жақсылап араластырып, қоймалжың қалыпқа келтіріңіз.Шашыңыздың ұзындығы бойынша жағып шығыңыз. 30 минут өткеннен кейін шаштың түбіне жеткізе жағыңыз. Әбден сіңу үшін полиэтилен қалпақ киесіз. Басты жылы сумен шайып тастаңыз.


Шашты жылтырату үшін

Шашты жылтырату үшін жұмыртқа мен лимон шырынынан жасалған масканы пайдаланып көріңіз. Ыдысқа шашыңыздың көлеміне жететіндей етіп жұмыртқа жарып, 2-3 қасық лимон шырынын қосыңыз. Әбден араластырып, шаштың ұзындығына және түбіне жағып шығыңыз. Целлофан қалта киіп, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Жылы сумен немесе кондиционермен шайыңыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«МАТА МАСКАны» қолданып жүрсіз бе?


КӨЗДІҢ АЙНАЛАСЫНА ерте ӘЖІМ ТҮСПЕСІН десеңіз