​МЫНА 10 кеңесті әдетке айналдырсаңыз, ҚАРТАЙМАЙСЫЗ

0
2 343

Жастықты сақтау оп-оңай, күтім жасауды біртіндеп әдетке айналдырыңыз!


​МЫНА 10 кеңесті әдетке айналдырсаңыз,  ҚАРТАЙМАЙСЫЗ

фото: worldclassmag.com

Бет күтімі күн тәртібіне енуі керек. Өйткені әйел әрқашан әдемі болып жүру керек. Ал бет күтімін қалай дұрыс жасау керектігін білесіз бе? Мына 10 кеңесті әрдайым есте ұстаңыз.


1) Жуынатын су жылы болуы қажет, шамамен 20-25 градуста. Суық және ыстық су бетке әжімнің ерте түсуіне әкеледі


2) Бояу жақсаңыз, кешке міндетті түрде гидрофильді маймен кетіруді әдетке айналдырыңыз. Себебі, тональды крем, ВВ және СС кремдер, кушон саңылауларға терең кіріп, оңай шықпайды


3) Күтім бет терісіне сай немесе көргіңіз келетін эффектке байланысты таңдалу қажет. Мысалы: құрғақ, майлы тері, қартаюға қарсы, ылғалдандыратын, нәрлендіретін эффекті беретін өнімдер.


4) Тазартушы көбіктен (пенка) соң тонерді 3 секунд ішінде жағамыз. Солай ылғалды қайтадан қалыпқа келтіруге атсалысуымыз керек.


фото: anna-key.ru

5️) Тонер жайлы сұрақ көп. Тонер деген не? Ол терінің табиғи рН (4,5-5,5) көрсеткішін қалыпқа әкеледі. Оған қоса, сарысу (сыворотка), крем, маскалардың қызметін екі есеге жақсартады.


6️) Көз айналасына жағатын кремді де ұмытпаңыз. Жасыңыз 25 жастан асқан соң, көз айналасына жасайтынкүтіміңізді ұмытпаңыз!


7️) Құрғақ бет терісіне аптасына 1 рет мата масканы, ал майлы-аралас теріге аптасына 2 ретпленка-бабл маскасын қолдану керек.


8️) Масканың қолданылуы туралы қанша уақыт бетте ұстау керектігі жөнінде нұсқаулықты мұқият оқып, шарттарын орындаңыз. Одан артық ұстау эффектті жақсартпайды, керісінше, ылғалды сорып алады. Сондықтан, масканың нәтижесін арттырамын деп көбірек ұстау пайда бермейтінін естен шығармаңыз.


9️) Бет терісіне арналған скрабты ұмытқаныңыз жөн, оның орнына пилинг гельді қолданыңыз. Себебі скраб терімізге механикалық зақым келтіреді. Онда неліктен скрабды өндірушілер шығарады деген ой туындады ма? Скраб европалық қыздарға тән, азиялық қыздардың бет терісі климатқа сай тазартушы пилинг гельге лайықты.


1️0) «Бетіметүнде ештеңе жақпай-ақ қояйын, терім демалсын» деп, ештеңе жақпай ұйықтау да дұрыс емес. Тері күтіміне қажетті процедуралардың белсенді компоненттері түн мезгілінде терең сіңеді. Түнгі кремді бетіңізге жаққан соң, таңертең бетіңіз жұмсақ, балғын бола түседі.

Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КОЛЛАГЕНДІ КРЕМ жасарта ма?


МАКИЯЖ жасауда МЫНА ҚАТЕЛЕРДЕН аулақ болыңыз