​«МАТА МАСКАны» қолданып жүрсіз бе?

0
2 307

ҚАШАН, ҚАЙДА, ҚАЛАЙ қолданған дұрыс?


​«МАТА МАСКАны» қолданып жүрсіз бе?

фото: twitter.com

Тез арада күтім жасау құралына айналып үлгерген бір реттік мата маскалар әлбетте бет күтімі үшін сиқыршы емес. Бірақ оны да өз ретімен қолдана білу керек. Олай болса, қарапайым мата маскасының қандай пайдасы бар екенін анықтап көрейік.


Кейбіреулер масканы күнде таңертең қолданып, міндетті күтім құралына айналдырып жіберген. Бұл факт - миф. Себебі мата масканы (тканьевая маска) үнемі қолдансаңыз, тері астындағы май бездерінің жұмысы бұзылады да, тері жұмыс істеуге ерініп, өзінің функциясын маскаға ысырып тастайды. Яғни, тері маскаға тәуелді болады.


Матадан жасалған масканың артықшылықтары

Мата маскасы теріні ылғалдандырып, пайдалы заттектермен нәрлендіреді, әп-сәтте мимикалық әжімдерді тегістеп, теріні сергітеді. Пайдалану ыңғайлылығы мен жеңілдігі – ешқандай қайта жуу мен қосымша әрлендіруді талап етпейді.


Қолдану кезінде қандай ерекшеліктерге мән беру керек?

Біріншіден, масканы бетке тегіс орналастыру керек, яғни бет пен мата арасында ауа қалмағанын қадағалаңыз – бұл қоректік заттардың барынша сіңуіне көмектеседі.

Екіншіден, осы 15-20 минутта шынымен демалуға тырысыңыз: қимылдамай, сөйлемей, жатып, босаңсып, ән тыңдасаңыз болады. Егер бет бұлшық еттері қозғалмай тұрса, маска оны бір қалыпта айқындап алады да, сол жерге қоректі заттарының сіңуіне әсер етеді. Осы себепті масканы жатып пайдалану ұсынылады.

Масканы тұтыну кезінде бетті ашытып жатқандай сезім пайда болуы мүмкін – бұл белсенді заттектердің әсер етіп жатқандығының белгісі. Заманауи мата маскалары пайдаланылған соң қосымша ылғалдандыруды талап етпейді, өйткені оның өзі тамаша ылғалдандырады және құнартады.

Егер бет терісінің саулығын қайта қалпына келтіру қажет болса масканы күн ара пайдалану ұсынылады. Ал тері күтімі үшін аптасына 2-3 рет пайдалану да жеткілікті.


фото: nooby.ru


Құрамы мен қаптамасы

Маска қарапайым сулыққа (салфетка) ұқсас арнайы көз бен ауызға арналған ойықтары бар гипоаллергенді материалдан жасалады. Сулыққа қарағанда мата қалыңдау және су негізінде жасалған қойылтылған сарысудан тұрады.

Көбіне сарысу салыстырмалы түрде жеңіл хош иісті қою гельге ұқсайды. Өндірушілер әдетте ерітіндіні аямайды, сол себепті масканы бір реттен көп тұтынатындар бар.


Қашан қолдану керек?

Масканы көмекші деп қараңыз. Мәселен жиі жолда жүріп, саяхаттасаңыз, тері күтімін жасауға мүмкіндік болмайды. Ондай сәтте маска сізге таптырмас көмекші күтім құралы. Сапарда жүргеніңізде маңызды кездесуге бару, сахнаға шығу керек сәттер туындап қалды делік. Теріңіздің жағдайы мәз емес. Дәл сол сәтте осындай масканы қолдансаңыз, тері ылғалданып, жылтырап, есін жинайды. Жаздың күні тері құрғағанда аптасына 2-3 рет қолдануға болады.


Қалай қолданған дұрыс?

Масканы қалыпты салқын үй температурасында, күн түспейтін жерде немесе тоңазытқышта сақтаңыз. Мата маскасы - өзіне сарысуды (сыворотка) сіңірген күтім құралы. Сондықтан мата маскасын теріні арнайы жуғыш құралдарымен тазартып, тоникпен сүртіп болғаннан кейін қолданыңыз. Аптасына 2-3 рет қолдану жеткілікті. Яғни теріңіздің жай-күйіне де байланысты.

Маска - бір рет қана қолданатын зат. 15 минуттан артық ұстамаңыз. Сонымен қатар бір рет қолданған мата масканы екінші рет қолданбаңыз. Әрине, оның құрамында сұйық сарысу көп мөлшерде қалып қоюы мүмкін. Сонда да мата-масканы үнемдеу мақсатында қолданылған соң, сақтап қойып, екінші рет қолданбаған жөн. Себебі ауадан, қолдан әртүрлі бактерия өтіп, маскадан теріге түседі. Әрине нәтижесі сіз күткендей керемет болмай, керісінше терінің күйін нашарлатып алуыңыз мүмкін. Сондықтан, мата-масканы үнемдеймін деп екі рет қолдануға болмайды.


Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:


КӨЗДІҢ АЙНАЛАСЫНА ерте ӘЖІМ ТҮСПЕСІН десеңіз



ӘДЕМІ теріні қаласаңыз мына 6 әрекеттен АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ