​КҮЗГІ КҮТІМ үшін ең МАҢЫЗДЫ 4 ҚАДАМ

0
2 744

Күзгі күтім қандай болуы керек?


​КҮЗГІ КҮТІМ үшін ең МАҢЫЗДЫ 4 ҚАДАМ

фото: ru.dreamstime.com

Жаз мезгілі де зуылдап өте шықты. Күздің келуіне де санаулы ғана күндер қалды. Мезгілдердің өзгеруіне байланысты ауа-райында да өзгерістер болады, соған сай әсіресе әйелдер қауымының күнделікті, үйреншікті күтім жасау әдеттері де өзгеруі тиіс.

Өйткені, сыртқы факторлардың әсер етуі сыртқы бейнеңізге де әсер ететіні шындық. Егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге, күтім жасауға немқұрайлылық танытсаңыз, міндетті түрде өмімдің жарқын тұстары, қуынаштары сізге де «немқұрайлы» қарайтын болады.

Жалпы тері адамның көңіл-күйіне, ішкі денсаулық жағдайына байланысты десек, оған немқұрайлы қарауға болмайды деген сөз.

Міндетті түрде жыл мезгілдерінің ауысуы теріге әсер етеді. Ал тері өте нәзік, температура мен басқа да факторлардың әсері оған айтарлықтай кері көрсеткіш беруі мүмкін. Сондықтан, күзгі мезгілде тері күтіміне қандай әрекеттер жасау керектігін біле жүріңіз:

ТАЗАЛАУ

Күзде ауа-райы салқын, желді күндер көп болатындықтан, терінің құрғап кету ықтималдылығы басым. Ол үшін жұмсақ жуу құралын қолданған дұрыс, яғни теріні құрғатып жіберетін жуу құралдарынан аулақ болған дұрыс. Сонымен қатар, ылғалдандырғыш қасиеттері бар құралдарды пайдаланған да тиімді. Құрамында алоэ, церамидтер, табиғи майлары бар бет жуу құралдарына басымдық бергеніңіз жөн.

фото: sovetok.com

ЫЛҒАЛДАНДЫРУ

Күн райы суық болғандықтан, біртіндеп тұрғын үйлерде де, кеңселерде де жылыту құрылғылары қосыла бастайды. Сыртқы ауа салқын, бөлмелер жылыту құрылғылары іске қосылғандықтан, ауа құрғақ болады. Ал ыстық, әрі құрғақ ауа теріні қатты құрғатады, сондықтан, теріні терең ылғалдандыруды ойластырған жөн. Терінің қорғаушы гидролипидті қабатын сақтайтын өнімдерді қолдануды қарастырыңыз. Құрамында майлар мен қышқылдары бар крем, сарысу (сыворотка), тонерлер қолданған дұрыс.

ТЫНЫШТАНДЫРУ

Жел мен төмен температурадан тері қызарып тітіркенуі мүмкін, жалпы күз мезгілінде тері ерекше сезімтал бола бастайды. Сол үшін құрамында аллантоин, пантенол, ниациамид секілді дәрумендері бар маскаларды немесе сарысуларды жиірек қолданыңыздар.

фото: 101hairtips.com

ПИЛЛИНГ

Күз мезгілінде температураның жылдам өзгеруіне қарамастан бұл мезгіл косметологиялық және үй жағдайында жасалатын пиллингтер үшін өте ыңғайлы. Теріні терең тазалау анағұрлым жұмсақ, сәбидің терісіндей балғын болып шыға келеді. Қышқылды сарысулар мен қышқылды тонерлерді қолдануға өте қолайлы болатын нағыз кезеңі. Осы мезгілде жаз бойы терең тазартуды аса қажет етпеген тері пиллинг жасаудың арқасында ажарыңыз ашылып, жарқырай түседі.

Сондай-ақ бұл кезде де SPF крем қолдануды ұмытпаған жөн. Өйткені, SPF кремді тек күннің ыстық кезеңінде ғана емес, ашық аспан астында, күн сәулесінің тікелей түсу әсерінен пайда болатын қара дақтардан сақтайды.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


МЫНА 7 ҚАТЕЛІКті жасамаңыз!


Бетіңіз САЛБЫРАП, терең әжім көбейді ме? Ең оңай МАСКАмен бұлардан арылыңыз