Күнге күйген теріге КҮРІШтен жасалған ТОНИК көмектеседі

0
3 153

​Күріш жармасы ұнтақ түрінде теріні ағарту үшін қолданылған.


Күнге күйген теріге КҮРІШтен жасалған ТОНИК көмектеседі

фото: m.my.mail.ru

Сонымен қатар, күріш суынан тоник жасап алсаңыз да теріңіздің біркелкі әрі әдемі көрінуіне үлес қоса аласыз.


Күріштің теріге пайдалы әсерін ең алғашқы болып кәдеге жаратқан жапон әйелдері. Олардың күріш алқаптарында жұмыс істеген күндерінен кейін қол терісінің тегіс және жұмсақ болатынын байқайды. Әрине, мұның барлығы да күріштің әсері екені белгілі.

Күріштің тек қана қолдың терісіне ғана емес, шашқа және косметикалық өндірістерге қолданылған өнім болғанын ғасырлар бойы жалғасып келе жатқанын білеміз.

Күріштің тамақ өніміне қолдануға келе бермейтін ұсақталған, ұнтақталған бөлігін құрамында қоректік заттары мол болғандықтан, пайдаға асыра білген. Әсіресе теріні жасартатын, нығайтатын және нәрлендіретін қасиеттері үшін тері күтімінде қолданған. Мұның пайдасын білсеңіз, үйіңізден ешқашан күріш үзілмейтін болады. Күріштің құрамында антиоксиданттар сияқты көптеген қоректік заттар бар. Атап айтсақ, B1, B3, C және E дәрумендері, минералдар, ферул қышқылы, аллантоин, амин, инозит секілді көптеген пайдалы құрам бар.


Инозит - дәрумендік қасиеттері бар химиялық қосылыс. В8 дәрумені ретінде де белгілі. Бұл дәрумен жасушалардың сау өсуіне ықпал етеді, қан айналымын жақсартады, терідегі көзге көрініп тұратын кеңейген тесіктерді тарылтады. Бір сөзбен айтқанда, бетке жаңа, «тірі» көрініс береді.

Күріштен жасалған тоникте ниациннің көп мөлшері бар (B3 дәрумені), ол безеулермен жақсы күреседі. Сондай-ақ, әсересе әйелдердегі гормоналды өзгерістерден немесе күннің әсерінен туындаған проблемалармен күреседі.


Аллантоиннің қабынуға қарсы күресетін қасиеттері бар. Өте сезімтал теріге пайдасы көп. Тітіркенген теріні тыныштандырады және қызаруды, әртүрлі бөртпелерді азайтады.

Сондықтан, күріштен тоник жасап, оны жиі қолдану кез-келген әйелдің қолынан келеді және барлығына бірдей қолжетімді дүние.

Бұл бетті ағартады. Әсіресе, ашық күн астында көбірек уақыт өткізетіндер үшін таптырмас мүмкіндік.


фото: modnaya.org

Тоник жасау үшін:

100 грамм күрішті салқын суға 3 рет жуып алыңыз. Күріштің суы тап-таза болғанша жуудың қажет жоқ, сыртындағы шаңы кетсе болды.

Тазалап жуып алған күріштің үстінен 250 мл салқын су құйыңыз. Минералды, газсыз суды пайдалансаңыз, әсері күшейеді. Егер құбыр суын алатын болсаңыз, оның фильтрден өткенін қолданғаныңыз абзал. Қайнаған суды салқындатып пайдалану да жарамайды. Күрішке минералды су құйған соң, ыдыстың қақпағын жауып, 3-4 сағатқа қалдырыңыз. Күріш осы уақыт аралығында жібиді. Жібіген күрішті қолмен бір-біріне үйкеп, өте ұсақ болғанша езгілеңіз.

Осылай тағы да он минутқа қалдырып қойыңыз. Он минуттан соң күріштен суын бөліп алыңыз. Бізге керегі күріштің өзі емес, суы. Осы суды шыны ыдысқа құйып, пайдаланып болған соң, қалғанын тоңазытқышта сақтаңыз.

Ескеретін бір жағдай тоңазытқышта сақталған күріш суын 3 күннен артық сақтауға болмайды.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АСКӨК+АҚЖЕЛКЕНнен жасалған МҰЗ текшелер беттің «проблемаcын» шешеді


ҚАЙЫЗҒАҚтан құтылу ОҢАЙ