​КОЛЛАГЕНге бай САРЫСУды үйде жасауға болады

0
5 025

Үй жағдайында жасалған САРЫСУ қауіпсіз әрі тиімді.


​КОЛЛАГЕНге бай САРЫСУды үйде жасауға болады

фото:24.kz

Сарысудың (сыворотка) бет күтімінде таптырмас көмекші екендігін жақсы білетін арулар оны міндетті түрде косметикалық қорапшасында сақтайды.

Сарысудың тері үшін көмегі орасан. Мұнымен терінің жастығы мен әдемілігін ұзақ уақыт бойы сақтай аласыз. Бетінің жып-жылтыр, таза әрі әдемі болғанын қаласаңыз, міндетті түрде сарысуды қолданып жүрген боларсыз? Егер де косметикалық дүкендерден сатып алуға қалтаңыз көтермейтін болса ештеңе етпейді, өзіңіз үй жағдайында жасап ала аласыз. Оның дүкендерден сатып алынатын сарысудан ешқандай кемшілігі жоқ.

Сарысудың сізге беретін көмегі беттегі әжімдерді кетіріп, ылғалдандырады. Теріні жұмсартады. Сонымен қатар, теріңіздің жып-жылтыр, тегіс болуына ықпал етеді.

Әрине, терінің балғын болғаны, сәбидің терісіндей жұмсақ болғаны кімге ұнамасын? Тек қана өз өзіңізге деген құрметіңізді арттыпы, уақытылы күтім жасай білсеңіз болғаны. Ол үшін үй жағдайында жасалатын сарысудың құрамын біліп алғаныңыз жөн. Жасалу жолы да қарапайым.


ЗЫҒЫР дәнінен жасалған сарысу

Бет терісінің серпімділігін арттыратын, қартаюды баяулататын коллагенке бай сарысуды (сыворотка) зығыр дәнінен жасаймыз. Бір ғана зығыр дәнінің құрамында жоғары дәрежелі эфир майы, Омега қышқылдары, оның ішінде Fдәрумені, A, B, E дәрумендері бар. Сондықтан, сіздің теріңізге белсенді әсер ете алады. Бет терісіне сіңіп, теріні әдемі етеді. Оның пайдасы бет терісіне жасалғанмаскадан кейін де көрінеді.
Бұл сарысуды тек қана бетке емес, мойынға да жағуға болады. Бетті тазартып болғаннан кейін қолданыңыз. Бір рет жағылған сарысудан соң епкенін күтіп қайта жағамыз. Осылай 3-4 рет қайталап жағыңыз, кейін жуып тастайсыз. Бұл сарысуды күн сайын, апта бойы арасын үзбей жасауға болады. Кейін біраз демалып, сосын қайта бастайсыз. Мұның ешқандай зияны жоқ.
1 шай қасық зығыр дәнін ыдысқа салып, үстінен қайнап тұрған су құясыз. Судың мөлшері 100 мл. Ыдыстың қақпағын мықтап жауып, 8 сағатқа қалдырамыз.

Белгілі уақыт аяқталғанда суын сүзіп аламыз. Бұл су гель тәрізді болып шығады. Сосын қажет деп тапсаңыз, арнайы сарысудың ыдысына құйып сақтауға болады.

Тек қана бір ескеретін жайт мұндай сарысуды тек 3-4 күн ғана қолдана аласыз, одан кейін мұндай сарысудың құрамындағы пайдалы заттар өз маңызын жоғалтатындықтан, ұзақ уақыт сақтағанда жарамсыз болып қалатынын ұмытпаңыз!

Дайындаған: Гүльвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КӨКТЕМде ерінге арналған скраб МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КЕРЕК

АЗ УАҚЫТТА НӘТИЖЕ БЕРЕТІН косметикалық күтім жасаудың 4 ӘДІСІ