​КӨКТЕМде ерінге арналған скраб МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КЕРЕК

0
4 097

Тек БАЛ мен ҚАНТ болса жеткілікті.


​КӨКТЕМде ерінге арналған скраб МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КЕРЕК

«Ерінге айрықша күтім қажет» деп ойламайтын әйелдер баршылық. Тек қана өзіңізге қолайлы, тері түсіңізге сәйкес келетін ерін далабының түсін таңдау ғана жеткілікті деген сенімде болсаңыз, ойыңызды өзгертуіңізге тура келеді.

Өйткені, косметикалық өнім қаншалықты қымбат және сапалы болса да, оның көмегімен пиллинг аймақтарын жасыруға болмайды. Сондықтан міндетті түрде ерінге де арнайы скрабтың көмегі қажет. Скраб- ерінді тегіс және жұмсақ етеді. Сондықтан, теріге қалай күтім жасап, қаншалықты жиі скрабтың көмегіне жүгінетін болсаңыз, ерінге де дәл солай, күтім жасап жүріңіз. Әсіресе, көктемде бұл сізге аса қажет. Еріннің жарылғанын, қатпаршақтанып, қабығы түскенше күтпей, ерте көктемде күтімді бастай беріңіз. Өйткені ерін жарылса тек көркіңізді кетіріп қана қоймайды, ол ауырады, өткір, қышқыл, тұзды тағамдар жегеніңізде ашытады. Осындай жағымсыз жағдайларды болдырмас үшін алдын алғаныңыз жөн.

Үй жағдайында өзіңіз жасап алуға болатын скрабтың түрлері өте көп. Солардың қайсысы қолыңызда бар, сонымен ерніңізге күтім жасай беруіңізге болады. Дегенмен, шектен шығуға және басқа мақсаттарға арналған, яғни денеге немесе бет күтімі үшін жасалған скрабтарды ерінге пайдалануға болмайды. Кез келген скраб мұндай нәзік аймаққа сәйкес келмейді. Бет терісі үшін скраб әдетте ірі бөлшектері бар болып келеді, ал бүкіл денеге арналғаны одан да көп. Ал ерінге арналған ең жақсы нұсқа-бал мен қант.


БАЛ+ҚАНТ ерін скрабы:

• теріні нәрлендіреді;

* ылғалдандырады;

* жұмсартады.

Сіз дүкеннен кез-келген дайын өнімді оңай сатып ала аласыз, бірақ оның құрамында міндетті түрде түрлі қоспалар болғандықтан ол сіздің ерніңізге жаға ма? Тіпті зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан үйде ерін скрабын жасау оңтайлы, себебі сіз оның құрамын жақсы білесіз, неден тұратынын және қандай нәтижеге алып келетінін де білесіз. Сонымен қатар, сіз қаражатты да айтарлықтай үнемдей аласыз.


(фото: 101hairtips.com)

Ингредиенттер және олардың қасиеттері

Скрабтың негізі екі ингредиенттен тұрады – жұмсартқыш компонент (бал) және абразивті (қант), бұл теріні тазартуға көмектеседі. Ерінге арналған скрабтың құрамындағы бал белсенді қоректік компонент ретінде әрекет етеді, бірқатар пайдалы қасиеттерге ие:

* тері қабатының жаңаруына ықпал етеді;

* теріні дәрумендермен қанықтырады;

* тітіркенуді жояды;

* жарылған терінің жылдам жазылуын қамтамасыз етеді.

Ал қант әсерді күшейтеді, еріннің бертегіс және жұмсақ болуын қамтамасыз етеді. Өйткені, ол қанттың көмегімен еріндегі қан айналым жүйесінің жұмысы жанданады.


Бал мен қанттан басқа не қажет?

Негізгі компоненттерден басқа (қант пен бал) ылғалдандыру үшін аздап зәйтүн майын қосып жіберсеңіз де болады. Сондай-ақ, қойыртпақ массаны жасау үшін сізге контейнер және араластыру үшін қасық немесе шпатель қажет, тек ескеретін нәрсе мұның ешқайсысы металл болмауы тиіс. Скрабты ұзақ уақыт сақтау ұсынылмайды. Сондықтан, аз ғана мөлшерде жасаңыз.


Қалай қолдану керек?

Скрабты жасау барысында барлық қоспаларды дайындап алыңыз. Егер бал қою болса, оны микротолқынды пеште немесе су моншасында ерітіңіз. Ерінге скрабты жақпас бұрын ыстық суға малынған мақта жастықшасымен 10 секунд бойы бірнеше рет сүртіп алыңыз. Ерніңіз өздігінен толық кепкенше күтіңіз немесе майлықпен құрғатып алыңыз. Өйткені, скрабты құрғақ ерінге жағу керек.

1:1 қатынасында 1 шай қасық бал мен қантты алып, жақсылап араластырыңыз. Егер қажет деп тапсаңыз, 0,5 шай қасық зәйтүн майын қосып, барлығын араластырыңыз. Саусақпен, дөңгелек қимылмен дайын болған скрабты қатты батырмай жағып шығыңыз. Еріннің жарақаттанып қалмауын қамтамасыз етіңіз.

Содан соң аз уақыт күте тұрыңыз. Шамамен 5 минуттай уақыт жеткілікті. Пайдалы заттар ерінге сіңуі қажет. Одан кейін жыл сумен ақырын жуып тастаңыз. Сүртіп алу қажет емес. Одан кейін ерінге арналған бальзам немесе басқа да гигиеналық ерін далабын жағып қоюыңызға болады. Бұл өте маңызды. Себебі скрабты қолданғаннан кейін ерніңізге ештеңе жақпасаңыз, ерніңіз те жарылып, қайтадан кеберси бастайды.

Мұндай скрабты қақпағы мықтап жабылған шағын ыдыста және тоңазытқышта сақтауға тиіссіз. Бір аптадан артық сақтамаңыз.

Бал табиғи консервант екенін есте ұстаған жөн, бірақ оған қосымша ингредиенттер неғұрлым көп қосылса, сақтау мерзімі соғұрлым қысқа болады.

Гүльвира Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АЗ УАҚЫТТА НӘТИЖЕ БЕРЕТІН косметикалық күтім жасаудың 4 ӘДІСІ

Масс МАРКЕТтегі қолдануға БОЛАТЫН және БОЛМАЙТЫН өнімдер