​Бетті ДҰРЫС жуудың ТЕХНИКАСЫн үйреніңіз

0
3 472

Сіз білмейтін ақпараттар бар болуы мүмкін.


​Бетті ДҰРЫС жуудың ТЕХНИКАСЫн үйреніңіз

фото: massaget.kz

Бет терісінің күйі тұрақты күтімге ғана емес, теріні дұрыс тазартып, дұрыс жуа білуге де байланысты екендігін білесіз бе?

Бетті жуудың да соншалықты құпиясы бар ма екен деп таңданып отырсаңыз, осы мақала сіз үшін. Әрине, бетті жуудың да техникалары болатынын косметолог мамандары айтып та жүр. Дегенмен, мұнда сіз білмеген ақпараттар болуы мүмкін, танысып шығыңыз.

Бетті жуу тек өзіңізге байланысты, яғни оған арнайы маманның көмегі қажет емес, бірақ әлбетте маманның сапалы кеңесі артықтық етпейді. Қазіргі таңда корейлік күтім әдіс-тәсілдері кең таралып, бүкіл әлемді жаулауда десек артық болмас. Оның себебі көптеген арулардың корей жұлдыздары секілді әрдайым жас және әдемі көрінуге деген қызығушылықтарында.

Ендеше, корейлік арулар ұсынатын теріні жас қалпында сақтауға көмектесетін бет жуу техникаларын қарастырайық:



фото: shinagawa.ph


4-2-4 жүйесі

Бұл тәсілді ұдайы қолдансаңыз, бетіңізге жаңа өң кіріп, жастық қалпыңызды ұзақ сақтай аласыз.

Ол үшін алдымен алақаныңызға гидрофилді майдың азғантай мөлшерін құйып, алақандарыңызды ысқылап алыңыз. Содан соң, гидрофилді май сіңген алақаныңызбен бетіңізді 4 минут бойы жеңіл уқалап, онымен тазалау керек;

Екінші сатысында бетіңізді 2 минуттай пенкамен немесе гельмен жуу ұсынылады;

Ал, үшінші сатыда бетті 4 минут көлемінде сумен шаю керек. Алдымен жылы сумен, соңынан салқын сумен шайып, жуынуды аяқтайсыз.

Контрастты жуу

Бұл тәсіл бетіңіздегі қанайналым жүйесін жылдамдатып, теріңіздің сұлулығын арттырады. Осы сұлулықтың сыры да құпия емес, өте қарапайым тәсілдермен жасалады.

Алдымен таза сүлгі алып оны ыстық суға батырып, артық суынан арылтып, ылғалды ету керек. Сол сүлгімен бетіңізді сүртіңіз. Сосын 2 минут бойы бетті кез келген жуу құралымен жуу керек. Соңынан бетті салқын сумен шайып мұзбен сүртіңіз. Алайда ескеріңіз, мұз кесектерін пайдалану кез келген бет терісіне мүмкін емес. Егер сіздің бетіңізге мұз кесектерін қолдану сақтық шараларын талап етсе, оны орындаңыз! Мысалы, қан тамырлары теріге жақын орналасып купероз, құрғақ тері сияқты проблемаларыңыз бар болса немесе бейім болса мұзбен сүртуге болмайды.

Сүлгі мен лимон қолдану

Бұл әдіс тері тесіктерін ашумен басталады. Бетіңізді жуардың алдында бет терісіне ыстық суға салынған сүлгіні қойып тері тесіктерін ашып алыңыз. Сүлгіні бетіңізден алмай тұрып, үстінен массаж жасау керек, әсіресе «Т» зонасында.

Келесі этапта сүлгіні алып тастап, бетті жуушы құралмен жуу керек. Соңында бетті лимон шырыны қосылған салқын сумен шаю керек, бұл тері тесіктерін кішірейтіп теріге сергітетін әсер береді.

Сүтпен жуу

Бұл тәсілді корейлік актрисалар ғана емес, актерлер де қолданады екен. Сүт дәрумендердің қоры болып табылады және теріге де жақсы әсер етеді. Бұл тәсілде бетті жуу құралымен жуып болып жылы сумен шаю керек. Сүлгімен бетті сүртіп алу керек. Сосын бетке массаж жасап сүтті 3-5 минут жағу керек. Сосын салқын сумен бәрін жуып тастау керек. Бұл тәсіл әсіресе құрғақ теріге пайдалы, ал майлы тері үшін айран немесе басқа да ашыған сүт өнімдерін қолдануға болады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:


Ерін айналасындағы ӘЖІМді кетіретін МАСКА