​АСКӨК+АҚЖЕЛКЕНнен жасалған МҰЗ текшелер беттің «проблемаcын» шешеді

0
2 870

Жай ғана МҰЗ етіп қатырыңыз.


​АСКӨК+АҚЖЕЛКЕНнен жасалған МҰЗ текшелер беттің «проблемаcын» шешеді

фото:natyropat.ru

Оның пайдасы дәл қазіргі кезде сіздің теріңізге өте қажет. Өйткені бет терісі күннің әсерінен өзгеріске ұшырайды. Сондықтан, күн сәулесінен қорғап, күтім жасауды қазірден бастап қолға алыңыз. Сонда жаз мезгілінде бетіңіздің терісі күннің күюінен қорғалады.


Ал аскөк пен ақжелкеннен жасалған мұз текшелері мұндай кезде жылдам көмекке келеді. Мұны жасау өте оңай әрі пайдасы да орасан. Әрбір қыз-келіншекке қолжетімді, тиімді маска түрі десек те артық емес. Мұндай мұз текшелері:

Қан айналымын жылдамдатады

Беттегі ісікті азайтып, тонусты қалпына келтіреді

Қара дақтарды азайтады;

Бет терісінің майлылығын жояды

Бет терісін ағартады

Әжімді кетіреді

Теріні тыныштандырады

Ол үшін тек қана аскөк пен ақжелкенді блендерден өткізіп, қоймалжың масса жасап аласыз. Егер үйіңізде блендер болмаса аскөк пен ақжелкенді ұсақтап турап, бір ыдысқа салып, қасықпен езіп алсаңыздар да болады. Дайын болған қоймалжың массаны мұздатқыштың арнайы формаларына құйып, қатырып қойыңыз. Мұндай формаңыз болмаса, кез-келген кішкентай көлемді мұздатқышқа салуға жарайтын ыдысқа салып қатырып алсаңыз болады.

фото: jlica.ru

Таңертең ұйқыңыздан тұрғанда, беті-қолыңызды жумай тұрып, осы мұз текшелерімен бетіңізді сүртіңіз. Мұз еріп кеткенше бетіңізге үйкеңіз. Бірақ, қатты ысқылап үйкеудің қажеті жоқ.

Біраз уақыттан соң, яғни бетіңіз кебе бастағанда әдеттегідей жылы сумен жуып тастайсыз. Ескеретін жағдай: егер суықтауға бейім болсаңыз, суыққа аллергияңыз болса, купероз, гайморит т.б. секілді сырқаттарыңыз болса, мұны қолданбағаныңыз жөн.

Сонымен қатар, басқа да жеміс-жидектерден жасалған мұз текшелері де бет терісіне айтарлықтай көмек бере алады. Мысалы:


фото:ru.freepik.com

Лимон ерітіндісі

Цитрусты жемістің шырынын 1/1 мөлшерінде сумен араластырыңыз, сосын мұздатқыштың қалыптарына құйыңыз да мұздатқышқа салып қатырыңыз. Мұндай мұз текшелерімен пигментті дақтар мен сепкілдерге бейім бетті сүрту жақсы көмек береді.


Түймедақ (ромашка) «сорпасы»

Дәріханадан дайын өнімді алсаңыз да, балғын түймедақ гүлін пайдалансаңыз да болады. Бір ас қасық түймедақты 1 стакан қайнаған суға салып, ары қарай тағы да қайнатыңыз. Жарты сағат бойына бәсең отта қайнатып, содан соң суытыңыз. Суыған соң мұздатқыштың арнайы қалыбына құйып мұздатыңыз. Мұндай мұз текшесі қабынуға қарсы, тіпті құрғақ теріге де жарамды.


Сүт

Жай ғана сияр сүтінен гөрі, дүкенде сатылатын, пастерленген өнімнен жасалған мұз қоректік және жасартатын қасиеттерге ие.


Жалбыз шайы

Кәдімгі жалбыздан шай демдейсіз, осы шайды салқындай бастағанда мұздатқыштың қалыптарына құйып қатырасыз. Бұл мұз текшесі проблемалы және құрғақ теріге пайдалы.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚАЙЫЗҒАҚтан құтылу ОҢАЙ

ЖАЗ-2022: ер адамдардың ЕҢ СӘНДІ шаш үлгілері