Танымал нумеролог: "Бұл – биліктегілерге берілген белгі"

0
6 960

Нумеролог Құралай Бақытқызы 2021 жыл туралы өз болжамдарымен бөлісті.


Танымал нумеролог:

Құралай ханым, осы жыл туралы сандар не деп сөйлейді? Алдымен осыған кеңірек тоқталсақ...


Осы жылдың саны – 5. Бұл - нумерологияда өзгерістерге, жаңаруға, жаңғыруға әкелетін жыл. Елде, жалпы әлемде көп өзгерістер болады, адамдар да өзгеріске ұмтылатын жыл болмақ. Мысалы, жұмысын, мекен-жайын ауыстыратындар, саяхатқа шығатындар көбейеді. Өйткені, мұны көшпенділер саны деп қарауға болады.

Жыл энергетикасына келер болсақ, ауылшаруашылық саласы дамып, әлеуметтік салалар жаңаратын жыл. Одан кейін қазақстандықтар үшін көбірек оқып, ізденетін кезең. Металл жылы болғандықтан, археологиямен де тығыз байланысты. Құнды жәдігерлер табылуы, не металмен қатысты жаңалықтар болып қалуы мүмкін.

Ал короновирусқа келсек... Әлі жалғасады. Жылдың алғашқы жартысы жеңіл болады дей алмаймын.


Өзіңізге белгілі биылғы жыл саясаттағы үлкен оқиғалармен басталды. Жалпы саяси шаралар өтетін күндерді байқасақ, 9 cаны көп кездеседі екен. Нумерология бойынша қандай күндер деп сипаттар едіңіз?


Саяси оқиғалар болған күндердің бәріне анализ жасау үшін, нақты есептеу керек. Сондықтан қысқаша айтайын, 9 және 6, 1 деген сандардың энергетикасы өте жақсы. Бірақ 5 деген дата аса келмейді. Мысалы, Қырғызстан елінің сандарынан 5-ті жиі кездестіруге болады. Ол жақта биліктің өзгеріске жиі ұшырайтынын осымен байланыстыруға болады.


Жастардың саясатқа келуі оның жасына тәуелді болуы мүмкін бе?


Туған жылына, айына байланысты адамдардың өзіндік ерекшеліктері болады. Ал билікте әртүрлі кезеңдердің адамдары болғаны дұрыс. Біреу мықты стратег, біреу жасампаз, енді біреудің логикасы мықты болса, біреудің сезу қабілеті жақсы жұмыс істейді. Сондықтан мен жасқа қарамау керек деп айтар едім. Жастардың саясатқа келуін қолдаймын. Олардың стереотиптері бөлек болады.




Негізінен бұл жыл қай сала үшін тиімді?


Бірінші кезекте, ауылшаруалығы үшін өте тиімді жыл. Сосын инновация жылы, үшінші кезекте әскери салада өзгерістер болып қалуы мүмкін. Одан өзге тарихшылар және металмен жұмыс істейтіндер үшін тиімді болмақ. Әлеуметтік қызметкерлерге де жағымды жыл.

Тағы бір айтарым, осы жылы кризистік орталықтарға көмек көрсету керек. Өткен жылдың соңында сондай оқиғалар көп болды ғой. Мысалы ер адамдар үйін өртеп жіберу, әйелдер өзіне қол жұмсау деген сияқты күйзеліске тап болғандардың қайғылы жайттары көп болды. Бұл – биліктегілерге берілген белгі. Осы жыл сондай орталықтарға көмек беріп, барынша қолдайтын жыл. Бізде ол орталықтар болса да, дұрыс жұмыс істемейді ғой.


Ал осы кезеңде жалпы адамдарға қандай кеңес бересіз?


Осы жылы адамдарды сүйек, аяқ қақсауы жиі мазалауы мүмкін. Сондықтан сүйекті нығайтатын амалдар жасаған жөн. Одан кейін тыныс алу органдары, әсіресе өкпені сақтау керек. Адамдарға осы жылы батыс жақ энергия беретіндіктен, батыс аймақтарға демалуға баруға болады.

Генетикаға мән беру керек, біздің ата-бабаларымыз ет-қымызды үзбеген. Сондықтан бізге де осы өнімдерді көбірек тұтынған абзал. Диетаға отыруға кеңес бермеген болар едім.

Тағы бір айтарым, бұл жылы апаттар көп болуы мүмкін. Өйткені көлікке қатысты қауіп-қатер бар.


Қазақстанның алдағы жылдарына қандай болжам айтасыз. Көпшілік «өзгеріс керек» деп жиі айтып жүр ғой. Біздің билікте, қоғамда қандай өзгерістер болуы мүмкін.

Қысқа қайырсам, биліктен өзгеріс көріп тұрған жоқпын, болады деп айта алмаймын.


Осы жылы туған сәбилерге қандай сипаттама бересіз? Жалпы осы ауыр жылдары дүниеге келген балалардың да психологиясына, өміріне әсер етуі мүмкін бе?


Осы жылы туған балалардың бойында жауапкершілік сезімі көп болады. Өзгешелеу, алғыр және саясатқа жақын көшбасшылар туады.