Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды

0
1 202

Жансая Әбдімәлік 2020 жылдың қорытындысы бойынша шахматтан әйелдер арасында Қазақстан чемпионы атанған еді.


Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алақай! Мен – халықаралық гроссмейтермін!», - деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Отандасымыз 22 мамыр мен 2 маусым аралығында өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің ақтық кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткені үшін осындай атаққа ие болып отыр. Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан Динара Сәдуақасова да қатысып жатыр.

Еске салсақ, Жансая Әбдімәлік 2020 жылдың қорытындысы бойынша шахматтан әйелдер арасында Қазақстан чемпионы атанған еді.

Сондай-ақ, ол былтыр FIDE Online Steinitz Memorial жарысында 2-орынға көтерілген болатын.