UFC-дегі қазақ файтердің келесі айқасы белгіленді

0
471

31 жастағы Дамир UFC рейтингінде 12-орында, ол промоушендегі бес жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен.


UFC-дегі қазақ файтердің келесі айқасы белгіленді

ERNUR.KZ. UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Дамир Исмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп жазады vesti.kz.

Даниялық журналист Марсел Дорфф қазақстандық файтердің кіммен жекпе-жек өткізетінін айтты.

"Бұл үлкен айқас 17 желтоқсан #UFCVegas66 турнирінде өтеді. Арман Царукян жеңіл салмақта Дамир Исмағұловпен жұдырықтасады", - деп жазыпты Дорфф.

31 жастағы Дамир UFC рейтингінде 12-орында, ол промоушендегі бес жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Ал 25 жастағы Царукян оныншы орында, ол UFC-дегі жеті айқасының алтауында басым болған.