UFC дебютанты қарсыласын жеті секундта нокаутқа түсірді

0
437

Файтерлердің жекпе-жегінен олардың ортаға шығуы ұзағырақ болды.


UFC дебютанты қарсыласын жеті секундта нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Америкалық файтер Терренс Маккиннидің UFC-дегі дебюттік кездесуі күтпеген жерден тез аяқталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ол алғашқы жекпе-жегін Глендейлдегі (Аризона, АҚШ) UFC 263 турнирінде отандасы Мэтт Фреволаға қарсы өткізді.

Файтерлердің жекпе-жегінен олардың ортаға шығуы ұзағырақ болды. Старттан небары жеті секундтан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды, өйткені Маккинни қарсыласын нокаутқа түсірді. Ол үшін бұл жеңіс 11-інші болды, сондай-ақ, Маккинни мансабында үш жеңіліс бар.