Тағы бір әлемдік футбол жұлдызы Сауд Арабиясындағы командаға ауысты

0
472

Бұған дейін Бенземаның Сауд Арабиясындағы жалақысы екі жылда 200 миллион доллар болатыны айтылған.


Тағы бір әлемдік футбол жұлдызы Сауд Арабиясындағы командаға ауысты

ERNUR.KZ. Франциялық шабуылшы Карим Бензема Сауд Арабиясындағы "Әл-Иттихада" командасына ауысты, деп жазады stan.kz.

Бұған дейін Бенземаның Сауд Арабиясындағы жалақысы екі жылда 200 миллион доллар болатыны айтылған. Келісімшарт 2026 жылға дейін жасалыпты.

"Бензема осынды. Жолбарыс өз мінезін көрсетеді. Иттихадқа қош келдің!", - делінген команданың желідегі парақшасында.
Бензема ойнайтын "Әл-Иттихад" клубы "Әл-Насрды" жеңіп, Сауд Арабиясының чемпионы атанған.

Жаңа клубқа ауысуына байланысты пікір білдірген Карим Бензема Сауд Арабиясының лигасын сапалы деп атады.

"Менің досым Роналдуда осы жерде ойнайды. Бұл Сауд лигасының дамып жатқанын көрсетеді. Мен бұл жерге Еуропадағы секілді тек жеңіс үшін келдім", – деді ол.

Еске салайық, Бензема испаниялық "Реал Мадрид" сапында 2009 жылдан бері ойнаған. Сондай-ақ 2022 жылы Алтын доп иегері атанды. Ал Франция құрамасы сапында 2007-2022 жылдары 97 матч өткізіп, 37 гол соққан.