Шымкенттік спортшылар байдарка мен каноэде есуден Олимпиада лицензиясын иеленді

0
718

Ағайынды Емельяновтар С2 1000 метр жаттығуы бойынша сынға түскен болатын.


Шымкенттік спортшылар байдарка мен каноэде есуден Олимпиада лицензиясын иеленді

Шымкенттік спортшылар байдарка мен каноэде есуден Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Таиландтың Паттайя қаласында байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі өтуде. Екі адамдық каноэде сынға түскен Сергей және Тимофей Емельяновтар жеңімпаз атанып, Олимпиада лицензиясын иеленді.
Ағайынды Емельяновтар С2 1000 метр жаттығуы бойынша сынға түскен болатын. Іріктеу турнирінің ережесі бойынша, тек жеңімпаз атанған команда Олимпиада жолдамасын еншілейді.
Шымкент қаласы спортшыларының қоржыны осылайша тағы бір жолдамасымен толықты. Сонымен, жолдама саны беске жетіп отыр.