«Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысының ширек финалы басталды

0
892

Жоба жеңімпаздарына 20 миллион теңге қаржылай сыйақы беріледі.


«Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысының ширек финалы басталды

Бүгін «Шымкент жастар лигасы» жобасының ширек финалы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала тарихында алғаш рет жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық шара барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аудандық деңгейдегі іріктеу ойындарынан жеңіп ширек финалға жолдама алған команда капитандарымен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.
– «Шымкент жастар лигасы» – қаламызда бірінші рет өтіп жатыр. Бұл жоба мектеп оқушыларының спортқа деген ынтасын оятып, қызығушылын арттыруда. Спорттық сайыс биыл өз мәресіне жеткен соң, келер жылы да жалғасады. Жоба жеңімпаздарына 20 миллион теңге қаржылай сыйақы беріледі. Егер оқушыларымыз өз мектептеріне 20 миллион теңге сыйласа – ол оқу орындары үшін үлкен жетістік, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жобаға қаламыздың 140 білім беру мекемесінен футбол, баскетбол, волейбол, шахмат ойындарынан лигалар құрылды. Жалпы баскетбол волейбол ойындарынан ширек финалға 32 команда шықты. Оның ішінде 16 - волейбол, 16 - баскетбол. Ал, футбол және шахмат ойындарының іріктеу кезеңдері өтуде.
«Шымкент жастар лигасы» жобасы – мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігерін, табандылығын қалыптастыруға және республикалық чемпионаттарға команда жасақтауға мүмкіндік береді.
Бұл жоба ІІ кезеңді қамтиды. І кезең - 1 наурыз бен 1 маусым аралығында жалпы білім беру мекемелерінің арасында футбол, волейбол, баскетбол ойындарынан турнир ұйымдастырылды. ІІ кезең - қыркүйек пен қараша айларында жоғары және орта арнаулы оқу орындарында шахмат ойынынан турнир ұйымдастырылады.
Айта кетейік, спорттық ойындар санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өткізілуде.