"Реал" Мбаппенің орнына бразилиялық шабуылшыны сатып алуы мүмкін

0
600

25 жастағы бразилиялық шабуылшыға "Тоттенхэм", мадридтік "Реал" және франциялық ПСЖ командасы қызығушылық білдіруде.


ERNUR.KZ. "Эвертон" командасының шабуылшысы Ришарлисон де Андраде жазда ағылшындық командадан кетуі мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Дереккөздің ақпараты бойынша, 25 жастағы бразилиялық шабуылшыға "Тоттенхэм", мадридтік "Реал" және франциялық ПСЖ командасы қызығушылық білдіруде.

Өткен маусымда Ришарлисон "Эвертон" сапында барлық турнирде 33 кездесу өткізіп, 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Шабуылшының клубпен келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Ал Transfermarkt оны 50 миллион еуроға бағалап отыр.

Айта кетейік, осыған дейін футболшының агенті жоғарыдағы үш клубтың басшылығымен келіссөз өткізген. Енді шабуылшының өзі нақты шешім қабылдау керек.

Еске салайық, "Реал" осы жазда командаға Килиан Мбаппе ауысады деп, трансфер нарығында белсенді болған жоқ еді. Бірақ франциялық шабуылшы ПСЖ командасымен 3 жылдық келісімшарт жасады. Енді мадридтік команда Мбаппенің орнына шабуылшы іздестіруде.