Михаил Литвин Түркиядағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды

0
561

Ол 400 метрлік финалдық жарыста жеңіске жетті.


Михаил Литвин Түркиядағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Михаил Литвин Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады olympic.kz.

Ол 400 метрлік финалдық жарыста жеңіске жетті. Спортшы қашықтықты 45,36 секундта бағындырды.

Айта кету керек, алдын ала раундта Михаил Литвин Қазақстанның рекордын орнатты, ол қазір 44,94-ке тең.