Маттео Пелликоне мемориалы: Қазақстан қоржыны бірнеше медальмен толықты

0
2 700

Әйелдер құрамасының өкілі Гаухар Мұқатай 65 келіде жеңімпаз атанды.


Маттео Пелликоне мемориалы: Қазақстан қоржыны бірнеше медальмен толықты

ERNUR.KZ. Римде күрес түрлерінен Маттео Пелликоне мемориалы жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан қоржыны бірнеше медальмен толықты, деп жазады Olympic.kz.

Рейтингілік турнирдің кезекті күнінде әйелдер құрамасының өкілі Гаухар Мұқатай 65 келіде жеңімпаз атанды.

Диана Қаюмова 59 келіде, Аиша Уалишан 55 келіде күміс жүлдені олжалады.

Ал еркін күрес балуаны Әлішер Ерғали 97 келіде үшінші, 125 келіде Юсуп Батырмурзаев екінші жүлдеге ие болды.