Лионель Мессиге 60 мың еуроға дейінгі айыппұл салынуы мүмкін

0
819

Ол карантин талаптарын бұзды.


Лионель Мессиге 60 мың еуроға дейінгі айыппұл салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессиге мадридтік "Атлетикомен" матч алдында команда ойыншыларына кешкі ас ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Дереккөздің ақпараты бойынша, агентиналық шабуылшыға Каталонияда 8 мамырға дейін бекітілген карантин талаптарын қатаң бұзғаны туралы айып тағылады. Ол бір отбасына жатпайтын алты адамнан артық жинағаны үшін 3001 еуродан 60 мың еуроға дейін айыппұл салын

Бірақ каталондық клубтың басшылығы карантин талаптары бұзылмай, қонақтар әлеуметтік ара-қашықтықты сақтады деп отыр. Енді Ла Лига басшылары осы іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізеді.