Қазақстандық дзюдошы жарыста қарсыласын не үшін тістеп алғанын түсіндірді

0
450

Қазақстандық қыз 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің алғашқы кездесуінде бельгиялық Шарлин ван Сникке есе жібергенімен, қарсыласын тістеп алды.


Қазақстандық дзюдошы жарыста қарсыласын не үшін тістеп алғанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошы Әйгерім Әбілқадірова Парижде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирі кезінде қарсыласын неге тістеп алғанын айтты, деп жазады vesti.kz.

Қазақстандық қыз 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің алғашқы кездесуінде бельгиялық Шарлин ван Сникке есе жібергенімен, қарсыласын тістеп алды.

"Сынап жатқандарға жауап бергім келеді. Кеше мен Париждегі "Үлкен дулыға" турнирінде бельгиялық спортшымен жекпе-жекке шықтым. Ол шынтақты ауырту тәсіліне көшті. Мен берілуге белгі бердім, бірақ соған қарамастан бельгиялық спортшы қолымды сындыруды жалғастырды.
Шынтағымның сырт еткенін естігеннен кейін, мен оны автомат түрде тістеп алдым, басқа амалым болмады. Осының бәріне қоса, төреші мүлде жауап қатпай, жекпе-жекті тоқтатпады.
Айтпақшы, маған жағымсыз сөздер жазып жатқан еркектер... Егер сондай батыр болсаңыз, маған өз нөмірлеріңізді жазып, ойыңыздағыны бетіме айтып көріңіз, егер батыл болсаңыз, әрине", - деді спортшы Instagram-дағы видеода.