Қазақстандық 5 боксшы IBF рейтингіне енді

0
701

Рейтингінің 14-орнында Қанат Ислам (27-0, 21 КО) тұр.


Қазақстандық 5 боксшы IBF рейтингіне енді

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы үздік боксшылардың жаңаланған рейтингін жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетсек, ТОП-15-ке Қазақстанның бірден 5 боксшысы енді. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) – орта салмақтағы IBF чемпионы болса, 10-орында – Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО), 11-інші позицияда – Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО).

Ал 13-інші сатыға Анатолий Муратов (22-2-1, 15 КО) орналастырылған. Ол Германия атынан өнер көрсетіп жүргенімен, IBF сайтында ол Қазақстан азаматы ретінде көрсетілген. Себебі Муратов Талдықорғанда туған.

Рейтингінің 14-орнында Қанат Ислам (27-0, 21 КО) тұр.