Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізу туралы өтінімін қайтарып алды

0
575

Енді турнирді өткізуге жалғыз үміткер ел – Швейцария.


Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізу туралы өтінімін қайтарып алды

ERNUR.KZ. Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге берген өтінімін қайтарып алды, деп жазады ulysmedia.kz.

Енді турнирді өткізуге жалғыз үміткер ел – Швейцария.

Тамперде өтіп жатқан Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) конгресі Швейцарияның үміткер ретінде таныстырылымын көрді. Өтінім мақұлданса, турнир матчтары Цюрих пен Фрибург қалаларында өтеді.

Швейцария 2020 жылғы әлем чемпионатын өткіуі тиіс еді, бірақ турнир коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмеді.

2023 жылғы чемпионат Финляндия мен Латвияда өтуі әбден мүмкін. 2024 жылы турнирді Чехияның Прага мен Острава қалалары өткізсе, 2025 жылғы ұйымдастырушылар – Швеция мен Дания болмақ.