Ілияс Хамзин нокдаунға түсіп тұрып бразилиялық қарсыласын жеңіп кетті

0
597

Осылайша, ол карьерасында жетінші рет жеңіске жетті.


Ілияс Хамзин нокдаунға түсіп тұрып бразилиялық қарсыласын жеңіп кетті

ERNUR.KZ. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын ресейлік қазақ Ілияс Хамзин (7-2) Екатеринбургте өткен RCC 9 турнирінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

Ілиястың қарсыласы бразилиялық Джуниор Маркес (10-1) болды. Бірінші раунд соңында Хамзин ауыр соққы өткізіп алып, құлады. Қарсыласы жекпе-жекті аяқтамаққа ұмтылды, алайда, осы сәтте гонг соғылды.

Осыдан кейін бұл айқас толық үш раунд өтіп, Ілияс төрешілер шешімімен басым түсті.

Осылайша, ол карьерасында жетінші рет жеңіске жетті. Ал он жеңісі бар бразилиялық екінші рет жеңіліп отыр.

Хамзин ММА-де 2018 жылдың қыркүйегінде өнер көрсете бастады. Ілияс ең жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Петр Янның командасында екенін айта кетейік.