Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан жастары Беларусьпен тең түсті

0
336

Аталған кездесу Беларусь астанасы Минск қаласында болды.


Футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан жастары Беларусьпен тең түсті

ERNUR.KZ. Футболдан еліміздің 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы Беларусь жастарымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған кездесу Беларусь астанасы Минск қаласында болды. Ойын барысында қазақстандық құрамадан Максим Самородов (32-минут) гол соқса, оған қарсыластар сапынан Егор Карпицкий (42-минут) бір голмен жауап қайырды.

Осылайша кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық жастар жолдастық кездесуде Ресей футболшыларына 1:2 есебімен жол берді.