ЕУРО-2024: Қазақстан Грузияға қарсы ойнайды

0
522

Ең бірінші Ұлттар лигасында Грузия құрамасы Қазақстанды екі рет 2:1 және 2:0 есебімен ұтқан болатын.


ЕУРО-2024: Қазақстан Грузияға қарсы ойнайды

ERNUR.KZ. Қазақстан ЕУРО-2024 іріктеуіне жолдама алу үшін плей-офф кезеңінің алғашқы ойынын Грузия құрамасына қарсы өткізеді, деп жазады vesti.kz.

С лигасында төрт топта бірінші орын алған командалар арасындағы үздік нәтижені Грузияға тиесілі. Олар 16 ұпай жинады. Қазақстан мен Түркия еншісінде 13 ұпай. Бірақ Түркияның доп айырмашылық көрсеткіші Қазақстанмен салыстырғанда жоғары.

Екінші жұпты Грекия мен Түркия құрады.

Егер Грузия құрамасы Еуропа чемпионатына келесі жылы өтетін іріктеуден жолдама алып кетпесе, 2024 жылдың наурызында Қазақстан Грузияға қарсы ойнауы мүмкін.

Еске салайық, ең бірінші Ұлттар лигасында Грузия құрамасы Қазақстанды екі рет 2:1 және 2:0 есебімен ұтқан болатын.