Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

0
613

Парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтеді.


Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды. Ол әлем чемпионатындағы спринтті 2:44:23 уақытта бағындырып, жеңіске жетті, деп жазады zakon.kz.

Жарыста мәреге екінші болып украиналық спортшы Тарас Рад келсе, үшінші орынға бразилиялық спортшы Кристиан Вестмаер Рибейра ие болды.

Бұған дейін Ербол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге ие болған.

Парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтеді. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр.