Елена Рыбакина WTA 500 жарысында өнер көрсетеді

0
387

Жалпы жүлде қоры 780 637 доллар болатын Mubadala Abu Dhabi Open-2023 ауыр турнирі 6-12 ақпан аралығында өтеді.


Елена Рыбакина WTA 500 жарысында өнер көрсетеді

ERNUR.KZ. Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Дабиде (БАӘ) өтетін беделді WTA 500 жарысына қатысады, деп жазады zakon.kz.

Жалпы жүлде қоры 780 637 доллар болатын Mubadala Abu Dhabi Open-2023 ауыр турнирі 6-12 ақпан аралығында өтеді. Елена Рыбакина рейтингте күрт жоғарылауының арқасында бұл турнирде үшінші болып өнер көрсетеді. Оның алдында тек Дарья Касаткина (Ресей) мен Белинда Бенчич (Швейцария) шығады.

Абу-Дабиде өнер көрсетер алдында Елена Рыбакина 2023 жылғы Australian Open турнирінде жекелей сында финалға шығып, беларусь Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.