Брюссель марафонына 140 ұлттан 40 мыңнан астам адам қатысады

0
858

Брюссель көшелерінің көп бөлігі 43-ші рет 20 шақырымдық қашықтықты бағындыратын жүгірушілерге, жаяу жүргіншілерге толды.


Брюссель марафонына 140 ұлттан 40 мыңнан астам адам қатысады

ERNUR.KZ. Бельгия астанасында жыл сайынғы «Брюссельдің 20 шақырымы» атты спорттық шара жексенбі күні өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Брюссель көшелерінің көп бөлігі 43-ші рет 20 шақырымдық қашықтықты бағындыратын жүгірушілерге, жаяу жүргіншілерге толды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл байқауға 40 мыңнан астам қатысушы тіркелген. Оның ішінде 33 мыңнан астам жүйрік, 5,6 мың жаяу және 1,2 мың мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

Спорттық шараның басталуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Алғашқы стартты Бельгияның премьер-министрі Александр де Кру бастайды. Спортшылардың екінші партиясын қала мэрі Филипп Клоус қашықтыққа «бағыттайды». Үшінші старт Еуропарламентке арналады және Еуропарламент төрағасы Роберта Мецола бастауға белгі береді.