"Барселонаның" қорғаушысы әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды

0
341

Арауха 2022 жылдың 20 қарашасында басталатын әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін.


ERNUR.KZ. "Барселона" командасы Уругвай құрамасының қорғаушысы Рональд Арауха операция жасататынын растады. Осылайша ол 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

23 жастағы қорғаушы 28 қыркүйек күні Финляндияда операция жасатады.

Араухо жарақатты Уругай пен Иран (0:1) құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде алды. Ол оң аяғынын санын сындырып алған.

"Барселона" командасы қорғаушының қатарға қашан оралатынын нақты айтпады. Бірақ, инсайдерлер уругвайлық футболшы қатарға тек 3 айдан кейін қосылатынын хабарлады.

Осылайша Арауха 2022 жылдың 20 қарашасында басталатын әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін.

Еске салайық, әлем чемпионатында Уругвай құрамасы Н тобында Португалия, Оңтүстік Корея және Гана құрамаларына қарсы ойнайды.