Әлем чемпионы Жәнібекке жауап берді

0
440

Бұған дейін қазақстандық боксшы әлеуметтік желі арқылы қарсыласын чемпион және танымал емес екенін жазған еді.


Әлем чемпионы Жәнібекке жауап берді

ERNUR.KZ. Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атаққа ие доминикалық боксшы Карлос Адамес (22-1, 17 КО) отандасымыз Жәнібек Әлімханұлына жауап қатты, деп жазады vesti.kz.

Бұған дейін қазақстандық боксшы әлеуметтік желі арқылы қарсыласын чемпион және танымал емес екенін жазған еді. Бірақ жұдырықтасқысы келетінін ерлікке теңеген.

"Мен чемпионмын ба, чемпион емеспін бе, оны WBC-ден сұра. Сосын жекпе-жекті өткізейік!" - деп жазды Адамес Twitter желісінде.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа ие. 2022 жылдың қараша айында британдық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) қарсы жекпе-жекте өз атағын сәтті қорғады.

Карлос Адамес өткен жылдың қазан айында мексикалық Хуан Масиас Монтиэльді жеңіп, орта салмақта WBC уақытша чемпиондық атағына қол жеткізген еді.