Әлем чемпионатын жеңіп алуына байланысты Мессидің әлеуметтік желілері бұғатталды

0
659

Футболшы хабарламаларды оқи алмағанын мойындады.


Әлем чемпионатын жеңіп алуына байланысты Мессидің әлеуметтік желілері бұғатталды

ERNUR.KZ. Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін оған әлеуметтік желілерде көп хабарламалар келіп түсті, деп жазады stan.kz.

Футболшы хабарламаларды оқи алмағанын мойындады. Миллионға жуық өтініш ашылмағандықтан, оның парақшасы бұғатталды.

"Әлеуметтік желіге миллиондай хабарлама келді, содан кейін парақшам бұғатталды. Көбісін ашып оқуға үлгермедім. Басқа спортшылардан да құттықтаулар естіген ерекше сезім екен. Мен желіде жауап беріп, суреттерге пікір білдіргенді ұнатпаймын, әрі кетсе лүпіл басамын", – деді Месси.